Ақсай селолық округі тұрғындарымен кездесу өткізді.
20.12.20. Ақжардағы кездесу.
Бүгін, 20 желтоксан күні "Nur Otan" партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нәсіп Кисметоллакызы, қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер мен Айжан Сарсембаева, Адилбек Турдалиев, Рафаэль Хабиров, Досжан Болатбекұлы Ақсай селолық округі тұрғындарымен кездестік. Жүздесу барысында акжарлықтардың тұрмыс-тіршілігі жайлы әңгіме қозғалды. Олардың айтуынша, ауыл өмірі жылдан жылға жақсарып келеді. Үйлерімізге газ, су, жарық келіп тұр. Жолдар салынып, жөнделді. Әрине, бұның бәрі жергілікті билікпен жасалып жаткан үлкен жұмыстар, дейді кездесуге келген Ақжар мен Ақсай тұрғындары.
Біздер, "Nur Otan" партиясының өкілдері ретінде, өз кезегімізде жалпы партиямыздың жалпы сайлауалды бағдарламасымен таныстара отырып, праймериз кезінде айтылған ұсыныстар облыс пен каланың 5 жылға арналған даму бағдарламасына енгізілгенін жеткіздік. Соның ішінде акжарлықтарға қажет спорт алаңы мен балабақша 2022 жылғы бағдарламаға бекітілгендігін айттық. Одан басқа Атырау тұрғындарының болашағы үшін, әр азаматқа лайыкты өмір сүруіне бағытталған көптеген жобалар жүзеге асырылатынын, және осы жұмыстардың бас касында "Nur Otan" партиясы - билік партиясы тұрғанын жеткіздік. Өз кезегінде Ақсай тұрғындары дәріхана, балаларға ойын алаңы, балабақша қажет екенін, Ақжар-2 тұрғындары көшелеріне свет қосылуын сұрады. Б.Момышұлы көшесіндегі жатахана тұрғындары да өздерінің жәй-күйлері туралы айтып, қаперге алынды. Тұрғындарды
10 қаңтар күнгі сайлауға қатынасып, өз дауыстарын "Nur Otan" партиясына беруге шақырдық. #NurOtan

