Үгіт-насихат жұмысын"ZOOM"жүйесімен онлайн кездесуін партияныңқолдаушылар тобыспикерлерімен өткізді.
Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Джаумбаев Қаршыға Елемесұлы, Шораев Серболат Ерарыстанұлы, Адиева Альфия Даулетқалиқызы, Қонысбаев Ильяс Лесұлы үгіт-насихат жұмысын "ZOOM" жүйесімен онлайн кездесуін партияның қолдаушылар тобы спикерлерімен өткізді. Онлайн кездесуге Злиха Қыдырбайқызы, Рабиға Тайжанқызы, Клара Сиражқызы, Қорлығайын Дюсупова, Гүлсім Төреханова басқа да білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, кандидаттарға сәттілік тіледі. Ең басты құндылық адам денсаулығы мен тыныштығы екенін айта келе, ұсыныс-тілектерін білдірді. Ардагер шағын ауданында аялдама жоқ екендігі, педагогтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көңіл бөліну керектігі жөніндегі мәселелер айтылды. Жас үміткеріміз, кәсіпкер - Ильясқа арналған сұраққа, жастарға арналған, салауатты өмірді қалыптастыруда, жұмыспен қамтуға арналған жобалары бойынша жұмыстанатынын айтты.



