Кандидаттар Идресов.А, Джаумбаев.Қ кәсіпкерлермен zoom платформасы арқылы кездесу жүргізді
Бүгін облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Идресов Абдолла Хамиұлы, Джаумбаев Қаршыға Елемесұлы кәсіпкерлермен zoom платформасы арқылы кездесу жүргізді. Онлайн кездесу барысында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі екені айтылды. Кәсіпкерлер тарапынан өңірлік өнімнің шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныс-пікірлері қабылданды.



