Жағдайдың реттелгеніне толық көз жеткізу мақсатында "Nur Otan” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы қала мен оған іргелес орналасқан елдімекендерді аралап, газ құю бекеттерін шолып шықты.
⁃ Облыста соңғы күндері орын алған жағдайға байланысты "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы шұғыл түрде әрекет етті. Жергілікті билік өкілдерімен, сонымен қатар Партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізіп, мәселені шешу жолдарын қарастырдық. Жауапты басқарма басшысына нақты тапсырма берілді. Бүгін жағдай реттелгенін байқауға болады. Бақылауда ұстаймыз, - дейді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов
"Есіктен есікке" акциясы аясында қалалық мәслихатқа үміткер Қанағат Мыңтұрғановтың сенімді өкілі Аманғали Сәрсенбай "Өркен" шағын ауданының бірнеше үйіне кіріп шықты.
“Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстарын жүргізді.
Ал екінші кандидат Батыржан Қорғанбаев болса «Өркен» шағынауданының басқа бірқатар үйіне, азық-түлік дүкендерге соғып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында қала тұрғындары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлері тиісті мекеме басшыларына жеткізілетіні айтылды. Жалпы көптеген мәселені шешу шарасы партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылған.
Үгіт-насихат жұмысы кез келген сайлаудағы маңызды кезең болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың және олардың сенімді өкілдері арқылы сайлаушылармен онлайн және офлайн кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, үнпарақтар тарату жұмыстары осы маңызды кезеңде жүзеге асады.
«Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан «Nur Otan» партиясы маңызды кезеңде өте белсенді жұмыс атқарып жатыр. Осы орайда 19 желтоқсан облыстық мәслихат депутатына үміткер Киікбай Ешманов пен Ақтау қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Ерген Сыражанов және Мұратбек Досжанов сайлаушылардың үйлеріне арнайы барды.
«Партияның сайлауалды бағдарламасы биылғы науқанға орай әрбір өңірге жеке дара әзірленді. Бағдарлама жасақталмас бұрын осыған дейін ұйымдастырылған праймеризде халықтан түскен өтініштер ескерілді, оған қоса жергілікті әкімдікпен жиындар ұйымдастырылып, өңірде дамытуды қажет ететін салалалар бойынша жұмыстар қамтылды. Бір сөзбен айтқанда бағдарлама сарапталып, талқыланып, даму, өрлеу қағидасын ұстанады. Барлық саладағы жетістіктерімізді әр қазақстандықпен көргіміз келеді» деді кандидаттар тұрғындармен кездесу барысында.
Үміткерлер канвассинг барысында "Ақтау қаласының құрметті азаматы" атанған «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы ардагерлер тобының жетекшісі Ерімбет Әділұлы Жаңбыровтың үйіне арнайы барып, еңбегі үшін алған марапатымен құттықтап, партияның игі жұмыстарымен таныстырды. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттарына тоқталды. «Nur Otan» партиясы ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға күш салатынын, инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу жүргізетінін атап өтті. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәсілдерін біріздендіруге, оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірыңғай әлеуметтік кодексті әзірлеу жоспарда бар екенін де баяндады.
Кездесу соңында депутаттық мандатқа үміткерлер көпке үлгі болар "Құрметті азаматтың" батасын алып, отбасымен сайлауда белсенділік танытуға шақырды.
Бүгін аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер Л.Жұбанышқалиева, Д.Нурмаганбетов, Ж.Бисенғалиева, Н.Габбасов Қосшы Ауылдық Округы сайлаушыларымен кездесті. Кездесу барысында үміткерлерсайлауалды бағдарламаларын түсіндіріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға дауыс беруге шақырды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Жамалов Аманжан Макәрімұлы облыс тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер талқылады.
ZOOM платформасында өткен кездесу барысында тұрғындарды толғандырған мәселелер қатарында жолдың күрделі жөндеу көрмеуі, ауыз су да шешімін тапса деген ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар елді-мекендерге жоғары жылдамдықтағы интернет желісі керек екендігі де қозғалды.
Халықтың үніне құлақ түрген мәжіліс депутаты «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытында өңірімізде алдағы бес жылда 801 шақырым жолдың сапасын кезең-кезеңімен жақсарту, 120 ауылда сумен жабдықтау нысандарының құрылысын жүргізу, 80 ауылды интернетпен қамтамасыз ету көзделгендігін айтты.
Бүгін біздер қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Абілкарес Жеңіс Абілкаресұлы, Гилажев Ринат Маратұлы, аурухана директоры облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Имангалиев Ербол Атырау облыстық ауруханасының телемедицина кабинетінде денсаулық саласының қызметкерлерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмысарын жүргіздік. Кездесу барысында аурухана қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасының қаланы дамытудың негізгі 7 басым бағытымен таныстырдық. Медицина қызметкерлеріне "Nur Otan"партиясының алға қойған мақсаттары айтылып, ұсыныстары қабылданды.
Малик Кулшар, Жанабек Жаксыгалиев, Сабира Сундетова ознакомились с ценами и работой местного бизнеса в супермаркете «Райымбек». Отметили рост цен на традиционно популярные перед Новым годом не социальные продукты.
Здесь же кандидаты в депутаты встретились с сотрудниками и посетителями магазина. Они проинформировали о предвыборной платформе партии: социальном направлении, поддержке бизнеса и других.
«В рамках «Дорожной карты бизнеса – 2025» предусмотрено ежегодное субсидирование порядка 150 проектов, выдача не менее 30 грантов на безвозмездной основе. По программе «Экономика простых вещей» предпринимателям ежегодно будут предоставлять не менее 50 льготных кредитов, - подчеркнули кандидаты. - В рамках программы «Еңбек» предусмотрено ежегодное выделение 600 государственных грантов на реализацию новых бизнес идей, микрокредитования - одной тыс. участников, обучения основам предпринимательства - более одной тыс. человек.»
Посетители магазина отметили реальную работу партии на благо народа. Депутаты рассказали об избирательных участках, пригласили на выборы 10 января 2021 года, призвав голосовать за Nur Otan.
Бүгін, "Nur Otan" партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нәсіп Кисметоллакызы және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Айжан Сарсенбаева, Адилбек Турдалиев, Рафаэль Хабиров Ақсай селолық округі тұрғындарымен кездестік.
Біздер, "Nur Otan" партиясының өкілдері ретінде, өз кезегімізде жалпы партиямыздың жалпы сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық.
Кездесу барысында өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын мен пікірлерін білдірді. Ақжар-2 көшелеріндегі жарықтандыру керектігін, сонымен қатар балалар ойын алаңы қажет ететіндіктерін айтты. Қазіргі ахуалды айта отырып, дәріхана қажеттілігі туралы айтты.
Біздерге алғысын білдіре отырып, сайлауға баратындарын, , "Nur Otan" партиясына дауыс беріп, елдің жарқын болашығына сенетіндіктерін жеткізді.