"Есіктен есікке" акциясы аясында Жұмыскер ауылының тұрғындарымен кездесті
Бүгін біздер, "Nur Otan" партиясынан ҚР Парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер Д.Н.Тұрғанов пен қалалық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер Қ.Джаумбаев, Г.С.Дюсупова, С.Е.Шораев, И.Қонысбаевтар болып, "Есіктен есікке" акциясы аясында Жұмыскер ауылының тұрғындары, білім саласының ардагері Бөкен ағайдың, Мерует апайдың және зейнеткер Жұмабике апайдың үйлеріне барып, кездесу өткіздік.
Кездесу кезінде тұрғындар 18000 халық тұратын Жұмыскер ауылында емхана жоқтығын, шағын дәрігерлік амбулаторияға емделуге баратын тұрғындардың симайтындығын, ауыл көшелерінде автобус аялдамалары аз екендіктерін айтты.
Сонымен қатар олар "Nur Otan" партиясының жұмыстарын көріп отырмыз, елдің бірлігін, заманның тыныштығын, көп ұлтты бауырмал халықтың ауызбіршілігін тілейміз, біз "Nur Otan" партиясын қолдаймыз!- деді.

