Мазмұнға өту

Жаңа

Үміткерлер сайлаушылармен facebook, instagram әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шықты.

«Nur Otan» партиясы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдын алу және шалғай ауылдардағы халықпен байланыс орнату мақсатында «Кандидатқа сұрақ қой» бөлімін енгізген болатын. Бүгін 22 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлжанат Төреғалиева және Миржан Карабалин сайлаушылармен facebook, instagram әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шықты. Тікелей эфирде үміткерлер сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Онлайн байланысқа қосыла алмай қалған сайлаушылар да үміткерлердің әлеуметтік желідегі парақшаларына түрлі сауалдар жолдап жауаптарын алды.

0
0
191

Кандидаттар кәсіпкерлер ортасында

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың кезекті кездесуі аудан орталығындағы «Әлихан» сауда үйінде өз жалғасын тапты. Үміткерлер дүкен меңгерушілерімен және қызметкерлермен еркін әңгіме-дүкен құрды. Сонымен бірге дүкенге келген тұтынушылармен әңгімелесіп, «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп өтті. Шара барысында мекеме қызметкерлері мен тұтынушыларды сайлау күні «NurOtan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
127

Кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты партияның алдағы 5 жылға арналған жоспарымен таныстырып, Чернобыль АЭС-нан зардап шеккендер мен Семей сынақ полигонында болған жандарға қолдау көрсету.

Жалпы «Сырым сарбаздары» ҚБ төрағасы С.Сарғозиевтың айтуы бойынша ауданда Семей сынақ полигонында болған 52 азамат болса, соның 12 - сі қазіргі таңда өтемақы алып отыр. Чернобыль АЭС-нан зардап шеккендер саны – 6. Кездесу барысында Сапиолла Самихұлы: - Өтемақыны Семей сынақ полигонында болған барлық азаматтар да алса екен – деген өз ұсынысын білдірді.

0
0
163

«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы

2020 жылдың 23 – шы желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қадыров Еркін Жапарұлы және оның сенімді өкілдері Үржар ауылындағы "Ислам" сауда үйінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

28
7
460

"Nur Otan" партиясының Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында

"Nur Otan" партиясының Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Еділ Жаңбыршин қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда ауыл ақсақалдары ауданға қатысты елдік мәселелер: экология, су, газ мәселелерімен қатар Тұщықұдық ауылына шипажай салынса деген ұсыныс-пікірлерін ашық білдіріп, ер азаматтардың осы мәселелерді оң шешімін табуда жұмыстанатындықтарына шүбәсіз сенімдерін білдірді.

#bizbirgemiz

0
0
171

Мирлан Кусаинов facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып сайлаушылармен байланысты

22 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мирлан Кусаинов facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып сайлаушылармен байланыс орнатты. «Кандидатқа сұрақ қой» бағыты бойынша үміткер халықтың көкейіндегі мәселелерді тізбектей отырып, партияның сайлауалдыбағдарламасын да тілге тиек етті. Үміткер әлеуметтік сала мен денсаулық саласына баса назар аудара отырып «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» сынды бағдарламаларға ерекше тоқталып түсіндірді. Сонымен қатар партияның басым бағыттарын да ескере отырып, сайлаушыларды партияға дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
196

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созу – азаматтық парызымыз

Бүгін «NurOtan» партиясынан Түркістан облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттар – «Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Бақытжан Серманизов пен аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрғали Молдахановтар Шардара ауданында бірнеше іс-шаралар өткерді.

Кандидаттар әуелі Қуаныш Ерназаров басқаратын аудандық мүгедектер қоғамына бас сұғып, тағдыр теперішін көрген жандардың тыныс-тіршілігімен етене танысты. Ғимаратта тігін тігумен шұғылданып жатқан екі азаматшаның тіккен киімдеріне риза болған Бақытжан Қыпшақбайұлы алдағы кезде өз қызметкерлері үшін бірнеше киім тіктіруге тапсырыс беретінін атап өтті. Сонымен бірге кандидаттар осы күні мүмкіндігі шектеулі бірнеше отбасылардың шаңырақтарына бас сұғып, амандық-саулық сұрасты.

–Кәсіпкер Б.Серманизов бауырымыз біздің қоғам мүшелеріне үнемі қол ұшын созып отырады. Таяуда ғана мен ол кісіге осындай жандар үшін көмір алып беруді сұраған едім. Меселімді қайтармады. 16 тонна көмір алып берді. Оны бірнеше отбасына бөліп бердік,-дейді қоғам төрағасы Қ.Ерназаров.

Кандидаттар қоғамның аз қамтылған өкілдеріне алдағы уақыттары да мүмкіндігінше жәрдем беруді ұйымдастырып тұратынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
199

"Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды штаб мүшелері бүгінгі жұмыс жоспарына сәйкес

"Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды штаб мүшелері бүгінгі жұмыс жоспарына сәйкес  "Казтрансгазаймақ" ұжымы мүшелерімен кездесті.  Жиынға облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова, Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов және  штаб мүшелері Қ.Исаев, И.Серікбаев, Р.Дұрысбаев, Ж.Қуатбаева қатысып, партияның алда атқарылатын жоспарларымен таныстырып,  алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндады. Сайлауалды бағдарламамен танысқан "Казтрансгазаймақ" қызметкерлері алдағы жауапты кезең болып саналатын сайлау науқанында дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысып, дұрыс таңдау жасайтындықтарын айтты.

0
0
162

"Бірлігі жарасқан Қазақстан" онлайн форматта жалынды жастармен акция өткізілді. Алдымен сөз алған

"Бірлігі жарасқан Қазақстан" онлайн форматта жалынды жастармен акция өткізілді. Алдымен сөз алған Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының директорының м.а. Тұрсынбаев Мархабат "Бүгінгі таңда жаңашыл ойлайтын, жігерлі, жалынды жастар қатары көбейіп келеді. Бұл жастар мемлекеттің болашағына үмітпен қарап, еліміздің дамуына, 30 елдің қатарына қосылуға білім мен іскерлігін көрсетуге аянбайды. Әр өңірде лауазымды қызметті  тізгіндеп жатқан жастар қатары да артуда. Оған басты себепкер болған Елбасымыздың жастар саясаты бағытындағы бағдарламалары. Екінші бір мүмкіндік жастар ұйымдарының жұмыстары. Алдымен бұл қатарға Елбасымыз төраға болып табылатын «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатын айтуға болады", - деді. Алда да жаңа жобалар арқылы әрбір өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық пен парасаттылық дәнін егіп, болашақ елінің отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеу - басты мақсат екенін атап көрсетті. Кездесуде жастар сан түрлі бағытта сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.

0
0
166

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы жем-шөптің жеткізілуі мен бағасына бақылау жүргізді.

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы жем-шөптің жеткізілуі мен  бағасына бақылау жүргізді.    Маңғыстау ауданы- мал шаруашылығынан облыс бойынша көш бастап тұрған аудандардың бірі. Жем -шөп тақырыбы да- ауданда басты тақырыптардың бірі. Ауданда малдың басы жыл өткен сайын артып, оған қажетті мал азығына да сұраныс өсті. Маңғыстау ауданы бойынша мал азығын жеткізу қызметтері күнделікті бақылауда ұсталып, жұмыстар ұйымдастырылуда. Күнделікті қоймаларға, келген вагондарға мониторинг жасалады. Кәсiпкерлермен мал азығының  бағасы қадағаланып отыр.  1. Жем бағасын тұрақтандыру және жем қорын ұлғайту бойынша келiссөздер жүргiзiлуде. Бүгінгі таңда аудан  кәсiпкерлерiне барынша төменгі бағада ұстау бойынша ескертiлдi.   Атап айтсақ, 17-18 кг 1 мешок жемдi 1250 - 1300 теңгеге, 20 кг 1 мешок  жемдi 1400 1450 теңгеден тұрақты сатып отыр. Осы желтоқсан айының соңғы 10 - 15 күн iшiнде 210 тонна жем осы бағаға сатылды. Кәсiпкер осы бағытта жалғастыруға ниеттi.  Сонымен қатар кәсiпкерлер вагон басынан, яғни  вагонтұрақтан қоймаға әкелмей 20 кг 1 мешок жемдi 1450 теңгеге сату ұйымдастырылды.   Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Ауданда жем қоры жеткiлiктi. Шөп мәселесi бойынша айтар болсақ биыл аудан бойынша 13 бригада шөп шапты. Жердегi шөп  түсiмi, селдiр болды. Аудан кәсiпкерлерiне басқа облыстардан шөп әкелу мәселесі де көтерілдi. Сондай-ақ қазіргі таңда қардың қалың түскендігі,  аязды желдің болуынан күйі нашар жылқы малы жығылып жатыр деген мәлімет бар.  Кәзіргі танда аудан бойынша әкімнің орынбасары бастаған жұмысшы топ құрылып, жұмысшы топтың ішінде, ауыл шаруашылық мамандары, мал дәрігерлер, ветиринария мамандары ауылдарға барып түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, малдың ауру ошақтары шығып кетпеуіне алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

0
0
213