Мазмұнға өту

Жаңа

Кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты партияның алдағы 5 жылға арналған жоспарымен таныстырып, Чернобыль АЭС-нан зардап шеккендер мен Семей сынақ полигонында болған жандарға қолдау көрсету.

Жалпы «Сырым сарбаздары» ҚБ төрағасы С.Сарғозиевтың айтуы бойынша ауданда Семей сынақ полигонында болған 52 азамат болса, соның 12 - сі қазіргі таңда өтемақы алып отыр. Чернобыль АЭС-нан зардап шеккендер саны – 6. Кездесу барысында Сапиолла Самихұлы: - Өтемақыны Семей сынақ полигонында болған барлық азаматтар да алса екен – деген өз ұсынысын білдірді.

0
0
142

«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы

2020 жылдың 23 – шы желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қадыров Еркін Жапарұлы және оның сенімді өкілдері Үржар ауылындағы "Ислам" сауда үйінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

28
7
435

"Nur Otan" партиясының Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында

"Nur Otan" партиясының Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Еділ Жаңбыршин қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда ауыл ақсақалдары ауданға қатысты елдік мәселелер: экология, су, газ мәселелерімен қатар Тұщықұдық ауылына шипажай салынса деген ұсыныс-пікірлерін ашық білдіріп, ер азаматтардың осы мәселелерді оң шешімін табуда жұмыстанатындықтарына шүбәсіз сенімдерін білдірді.

#bizbirgemiz

0
0
152

Мирлан Кусаинов facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып сайлаушылармен байланысты

22 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мирлан Кусаинов facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып сайлаушылармен байланыс орнатты. «Кандидатқа сұрақ қой» бағыты бойынша үміткер халықтың көкейіндегі мәселелерді тізбектей отырып, партияның сайлауалдыбағдарламасын да тілге тиек етті. Үміткер әлеуметтік сала мен денсаулық саласына баса назар аудара отырып «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» сынды бағдарламаларға ерекше тоқталып түсіндірді. Сонымен қатар партияның басым бағыттарын да ескере отырып, сайлаушыларды партияға дауыс беруге шақырды. «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
172

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созу – азаматтық парызымыз

Бүгін «NurOtan» партиясынан Түркістан облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттар – «Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Бақытжан Серманизов пен аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрғали Молдахановтар Шардара ауданында бірнеше іс-шаралар өткерді.Кандидаттар әуелі Қуаныш Ерназаров басқаратын аудандық мүгедектер қоғамына бас сұғып, тағдыр теперішін көрген жандардың тыныс-тіршілігімен етене танысты. Ғимаратта тігін тігумен шұғылданып жатқан екі азаматшаның тіккен киімдеріне риза болған Бақытжан Қыпшақбайұлы алдағы кезде өз қызметкерлері үшін бірнеше киім тіктіруге тапсырыс беретінін атап өтті. Сонымен бірге кандидаттар осы күні мүмкіндігі шектеулі бірнеше отбасылардың шаңырақтарына бас сұғып, амандық-саулық сұрасты.–Кәсіпкер Б.Серманизов бауырымыз б…

0
0
179

"Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды штаб мүшелері бүгінгі жұмыс жоспарына сәйкес

"Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды штаб мүшелері бүгінгі жұмыс жоспарына сәйкес "Казтрансгазаймақ" ұжымы мүшелерімен кездесті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова, Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов және штаб мүшелері Қ.Исаев, И.Серікбаев, Р.Дұрысбаев, Ж.Қуатбаева қатысып, партияның алда атқарылатын жоспарларымен таныстырып, алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндады. Сайлауалды бағдарламамен танысқан "Казтрансгазаймақ" қызметкерлері алдағы жауапты кезең болып саналатын сайлау науқанында дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысып, дұрыс таңдау жасайтындықтарын айтты.

0
0
144

"Бірлігі жарасқан Қазақстан" онлайн форматта жалынды жастармен акция өткізілді. Алдымен сөз алған

"Бірлігі жарасқан Қазақстан" онлайн форматта жалынды жастармен акция өткізілді. Алдымен сөз алған Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының директорының м.а. Тұрсынбаев Мархабат "Бүгінгі таңда жаңашыл ойлайтын, жігерлі, жалынды жастар қатары көбейіп келеді. Бұл жастар мемлекеттің болашағына үмітпен қарап, еліміздің дамуына, 30 елдің қатарына қосылуға білім мен іскерлігін көрсетуге аянбайды. Әр өңірде лауазымды қызметті тізгіндеп жатқан жастар қатары да артуда. Оған басты себепкер болған Елбасымыздың жастар саясаты бағытындағы бағдарламалары. Екінші бір мүмкіндік жастар ұйымдарының жұмыстары. Алдымен бұл қатарға Елбасымыз төраға болып табылатын «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатын айтуға болады", - деді. Алда да жаңа жобалар арқылы әрбір өскелең жас ұрпақтың бойына…

0
0
151

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы жем-шөптің жеткізілуі мен бағасына бақылау жүргізді.

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы жем-шөптің жеткізілуі мен бағасына бақылау жүргізді. Маңғыстау ауданы- мал шаруашылығынан облыс бойынша көш бастап тұрған аудандардың бірі. Жем -шөп тақырыбы да- ауданда басты тақырыптардың бірі. Ауданда малдың басы жыл өткен сайын артып, оған қажетті мал азығына да сұраныс өсті. Маңғыстау ауданы бойынша мал азығын жеткізу қызметтері күнделікті бақылауда ұсталып, жұмыстар ұйымдастырылуда. Күнделікті қоймаларға, келген вагондарға мониторинг жасалады. Кәсiпкерлермен мал азығының бағасы қадағаланып отыр. 1. Жем бағасын тұрақтандыру және жем қорын ұлғайту бойынша келiссөздер жүргiзiлуде. Бүгінгі таңда аудан кәсiпкерлерiне барынша төменгі бағада ұстау бойынша ескертiлдi. Атап айтсақ, 17-18 кг 1 мешок жемдi 1250 - 1300 теңгеге, 20 кг 1 мешок жемдi…

0
0
198

"Nur Otan" партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат

"Nur Otan" партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова мен Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов "Казтрансгазаймақ" ұжымымен кездесті. Жиында партияның алда атқарылатын жоспарларымен таныстырылып, алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндалды. Сайлауалды бағдарламамен танысқан "Казтрансгазаймақ" қызметкерлері алдағы жауапты кезең болып саналатын сайлау науқанында дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысатындығын жеткізді.

0
0
135

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Ерманов Талғат Қорғанбайұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелер:

Ұштаған, Онды ауылдарындағы газ мәселесі, аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің сұранысы бойынша екі араға жүретін автобусты ұйымдастыру және мал азығы, Шетпе-Жыңғылды тас жолын жөндеу жұмыстары жөнінде. Әр мәселенің оң шешімін табуға жұмыстар атқарылатын болады.

0
0
146