"Бірлігі жарасқан Қазақстан" онлайн форматта жалынды жастармен акция өткізілді. Алдымен сөз алған
"Бірлігі жарасқан Қазақстан" онлайн форматта жалынды жастармен акция өткізілді. Алдымен сөз алған Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының директорының м.а. Тұрсынбаев Мархабат "Бүгінгі таңда жаңашыл ойлайтын, жігерлі, жалынды жастар қатары көбейіп келеді. Бұл жастар мемлекеттің болашағына үмітпен қарап, еліміздің дамуына, 30 елдің қатарына қосылуға білім мен іскерлігін көрсетуге аянбайды. Әр өңірде лауазымды қызметті тізгіндеп жатқан жастар қатары да артуда. Оған басты себепкер болған Елбасымыздың жастар саясаты бағытындағы бағдарламалары. Екінші бір мүмкіндік жастар ұйымдарының жұмыстары. Алдымен бұл қатарға Елбасымыз төраға болып табылатын «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатын айтуға болады", - деді. Алда да жаңа жобалар арқылы әрбір өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық пен парасаттылық дәнін егіп, болашақ елінің отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеу - басты мақсат екенін атап көрсетті. Кездесуде жастар сан түрлі бағытта сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.
