Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созу – азаматтық парызымыз

Бүгін «NurOtan» партиясынан Түркістан облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттар – «Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Бақытжан Серманизов пен аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрғали Молдахановтар Шардара ауданында бірнеше іс-шаралар өткерді.

Кандидаттар әуелі Қуаныш Ерназаров басқаратын аудандық мүгедектер қоғамына бас сұғып, тағдыр теперішін көрген жандардың тыныс-тіршілігімен етене танысты. Ғимаратта тігін тігумен шұғылданып жатқан екі азаматшаның тіккен киімдеріне риза болған Бақытжан Қыпшақбайұлы алдағы кезде өз қызметкерлері үшін бірнеше киім тіктіруге тапсырыс беретінін атап өтті. Сонымен бірге кандидаттар осы күні мүмкіндігі шектеулі бірнеше отбасылардың шаңырақтарына бас сұғып, амандық-саулық сұрасты.

–Кәсіпкер Б.Серманизов бауырымыз біздің қоғам мүшелеріне үнемі қол ұшын созып отырады. Таяуда ғана мен ол кісіге осындай жандар үшін көмір алып беруді сұраған едім. Меселімді қайтармады. 16 тонна көмір алып берді. Оны бірнеше отбасына бөліп бердік,-дейді қоғам төрағасы Қ.Ерназаров.

Кандидаттар қоғамның аз қамтылған өкілдеріне алдағы уақыттары да мүмкіндігінше жәрдем беруді ұйымдастырып тұратынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
169

Осы тақырып бойынша

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созу – азаматтық парызымыз - Yvision.kz