Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы жем-шөптің жеткізілуі мен бағасына бақылау жүргізді.

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы жем-шөптің жеткізілуі мен бағасына бақылау жүргізді. Маңғыстау ауданы- мал шаруашылығынан облыс бойынша көш бастап тұрған аудандардың бірі. Жем -шөп тақырыбы да- ауданда басты тақырыптардың бірі. Ауданда малдың басы жыл өткен сайын артып, оған қажетті мал азығына да сұраныс өсті. Маңғыстау ауданы бойынша мал азығын жеткізу қызметтері күнделікті бақылауда ұсталып, жұмыстар ұйымдастырылуда. Күнделікті қоймаларға, келген вагондарға мониторинг жасалады. Кәсiпкерлермен мал азығының бағасы қадағаланып отыр. 1. Жем бағасын тұрақтандыру және жем қорын ұлғайту бойынша келiссөздер жүргiзiлуде. Бүгінгі таңда аудан кәсiпкерлерiне барынша төменгі бағада ұстау бойынша ескертiлдi. Атап айтсақ, 17-18 кг 1 мешок жемдi 1250 - 1300 теңгеге, 20 кг 1 мешок жемдi 1400 1450 теңгеден тұрақты сатып отыр. Осы желтоқсан айының соңғы 10 - 15 күн iшiнде 210 тонна жем осы бағаға сатылды. Кәсiпкер осы бағытта жалғастыруға ниеттi. Сонымен қатар кәсiпкерлер вагон басынан, яғни вагонтұрақтан қоймаға әкелмей 20 кг 1 мешок жемдi 1450 теңгеге сату ұйымдастырылды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Ауданда жем қоры жеткiлiктi. Шөп мәселесi бойынша айтар болсақ биыл аудан бойынша 13 бригада шөп шапты. Жердегi шөп түсiмi, селдiр болды. Аудан кәсiпкерлерiне басқа облыстардан шөп әкелу мәселесі де көтерілдi. Сондай-ақ қазіргі таңда қардың қалың түскендігі, аязды желдің болуынан күйі нашар жылқы малы жығылып жатыр деген мәлімет бар. Кәзіргі танда аудан бойынша әкімнің орынбасары бастаған жұмысшы топ құрылып, жұмысшы топтың ішінде, ауыл шаруашылық мамандары, мал дәрігерлер, ветиринария мамандары ауылдарға барып түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, малдың ауру ошақтары шығып кетпеуіне алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

0
0
181

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы жем-шөптің жеткізілуі мен бағасына бақылау жүргізді. - Yvision.kz