Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміткерлер сайлаушылармен facebook, instagram әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шықты.

«Nur Otan» партиясы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдын алу және шалғай ауылдардағы халықпен байланыс орнату мақсатында «Кандидатқа сұрақ қой» бөлімін енгізген болатын. Бүгін 22 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлжанат Төреғалиева және Миржан Карабалин сайлаушылармен facebook, instagram әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шықты. Тікелей эфирде үміткерлер сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Онлайн байланысқа қосыла алмай қалған сайлаушылар да үміткерлердің әлеуметтік желідегі парақшаларына түрлі сауалдар жолдап жауаптарын алды.

0
0
151

Осы тақырып бойынша

Үміткерлер сайлаушылармен facebook, instagram әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шықты. - Yvision.kz