Кандидаттар кәсіпкерлер ортасында
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың кезекті кездесуі аудан орталығындағы «Әлихан» сауда үйінде өз жалғасын тапты. Үміткерлер дүкен меңгерушілерімен және қызметкерлермен еркін әңгіме-дүкен құрды. Сонымен бірге дүкенге келген тұтынушылармен әңгімелесіп, «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп өтті. Шара барысында мекеме қызметкерлері мен тұтынушыларды сайлау күні «NurOtan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
