Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Зиялы қауым өкілдерімен керемет кездесу өтті

«NurOtan» партиясының аудандық филиалының ғимаратында ұйымдастырылған зиялы қауым өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың кездесу шарасы жоғары деңгейде өтті. Жиынға аудандық филиал жанындағы сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Бауыржан Шомпиев, кандидаттар – «Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Бақытжан Серманизов пен аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрғали Молдахановтар қатысты. Емін-еркін форматта өткен шара барысында кандидаттар аудандық филиалдың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндірді.

–Тұрғындарды мазалайтын мәселелерді саралай келе «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 басым бағыттарын белгілеген.

1. Экономикалық тұрақты аудан;

2. Ыңғайлы аудан;

3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан;

4. Жастарға арналған аудан;

5. Мәдениеті мен тарихы бай аудан;

6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;

7. Қауіпсіз аудан.

Мұндағы басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау,-деген кандидаттар 7 басымдықтың маңызын жеке-жеке талдап өтті.

Шара соңында сөз алған зиялы қауым өкілдері «Nur Otan» партиясы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға қанық екендерін айтып, ризашылық білдірді.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
158

Осы тақырып бойынша

Зиялы қауым өкілдерімен керемет кездесу өтті - Yvision.kz