Мазмұнға өту

Жаңа

КАНВАССИНГ кездесу өтті

Шетпе ауылында сенімді өкіл Абдулаева Түймеш Базарқызы бірнеше үйге барып, "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында канвассинг кездесулер өткізді.

0
0
195

С.Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайда ҚР Парламент Мәжілісі

С.Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайда ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Мусабаев Самат Базарбайұлының аудан тұрғындарымен кездесуі өтті. Өңір тумасымен кездесуге аудан тұрғындары көп жиналды. Елде болып жатқан саяси жаңалықтармен кеңінен таныстырып, алдағы болатын сайлауда белсенділік танытып, аудан тұрғындарын жаппай қатысуға шақырды. Кездесу барысында аудандағы түйткілді мәселелер сөз болды. Соның ішінде көптің көкейінде жүрген карьерлер, қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған газ тапшылығы турасында сұрақтар қойылды. Халық сөзін құлақ түре тыңдаған С.Базарбайұлы, қозғалған мәселелердің барлығы дерлік назарында екенін жеткізіп, оң шешімін табу жолында еңбек ететіндігін жеткізді. Сонымен қатар аудан тұрғындарын алда келе жатқан саяси науқанға белсенділікпен қатысуға шақырд…

0
0
165

Аудандық балалар өнер мектебінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына

Аудандық балалар өнер мектебінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Еділ Жаңбыршин аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын жиналған тұрғындарға түсіндіріп, бағдарламаның маңызды бөліктеріне тоқталып, әңгіме барысында алда келе жатқан сайлау науқанының мән-маңыздылығын баса айтты. Биыл әлемдік пандемияның әсерінен елімізде төтенше жағдай жарияланып, негізгі байлық денсаулық екенін ұғындырды. Бұл жағдай барлық маңызды салалардағы қызметке кеңірек қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға, жастарды еңбекқорлыққа баулуға шақырды. Тарихы тереңде жатқан қазақ елінің тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы кездесуде тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын тіледі. Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны саналатын сайлау науқанына аудан жұртшылығын үлкен ауызб…

0
0
159

Аудандық Шоқыр Бөлтекұлы атындағы жасөспірімдер спорт мектебінде

Аудандық Шоқыр Бөлтекұлы атындағы жасөспірімдер спорт мектебінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Қазақбаев Оспан Дәденұлы және Жаңбыршин Еділ Терекбайұлының аудан спортшыларымен кездесуі өтті. Кездесуде О.Қазақбаев сөз алып, жиынға қатысушыларға сайлаудың еліміз үшін мән-маңызын кеңінен түсіндіріп өтті. Өз сөзінде ол партияның жеткен жетістіктері мен қоғам үшін атқарған маңызды жұмыстарын баяндап, алдағы уақытта да осы қарқынмен халық қамы үшін аянбай еңбек ете беретіндіктерін . Сайлауалды бағдарламада қамтылған мәселелер қазіргі таңда еліміз үшін атқарылуы керек ең өзекті жұмыстар екенін жиналғандарға тарқата айтып берді. Шара соңында штаб мүшелері кездесуге қатысушыларға алғысын білдіріп, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ алдағы сайлауда жұмған жұдырықтай…

0
0
188

Зиялы қауым өкілдерімен керемет кездесу өтті

«NurOtan» партиясының аудандық филиалының ғимаратында ұйымдастырылған зиялы қауым өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың кездесу шарасы жоғары деңгейде өтті. Жиынға аудандық филиал жанындағы сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Бауыржан Шомпиев, кандидаттар – «Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Бақытжан Серманизов пен аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрғали Молдахановтар қатысты. Емін-еркін форматта өткен шара барысында кандидаттар аудандық филиалдың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндірді.–Тұрғындарды мазалайтын мәселелерді саралай келе «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 басым бағыттарын белгілеген.1. Экономикалық тұрақты аудан;2. Ыңғайлы аудан;3. Әлеуметтік қызме…

0
0
167

70 000 отбасылық ферма құрылып, 600 000 гектар жаңа суармалы жер игеріледі

2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН

70 000 отбасылық ферма құрылып, 600 000 гектар жаңа суармалы жер игеріледі.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

преодолев испытания, победим вместе!

осы сілтеме арқылы видео материалды көре аласыз

https://fb.watch/2yAjeqZi5x/

0
0
109

Үміткерлер сайлаушылармен facebook, instagram әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шықты.

«Nur Otan» партиясы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдын алу және шалғай ауылдардағы халықпен байланыс орнату мақсатында «Кандидатқа сұрақ қой» бөлімін енгізген болатын. Бүгін 22 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлжанат Төреғалиева және Миржан Карабалин сайлаушылармен facebook, instagram әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шықты. Тікелей эфирде үміткерлер сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Онлайн байланысқа қосыла алмай қалған сайлаушылар да үміткерлердің әлеуметтік желідегі парақшаларына түрлі сауалдар жолдап жауаптарын алды.

0
0
168

Кандидаттар кәсіпкерлер ортасында

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың кезекті кездесуі аудан орталығындағы «Әлихан» сауда үйінде өз жалғасын тапты. Үміткерлер дүкен меңгерушілерімен және қызметкерлермен еркін әңгіме-дүкен құрды. Сонымен бірге дүкенге келген тұтынушылармен әңгімелесіп, «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп өтті. Шара барысында мекеме қызметкерлері мен тұтынушыларды сайлау күні «NurOtan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
106