Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық Шоқыр Бөлтекұлы атындағы жасөспірімдер спорт мектебінде

Аудандық Шоқыр Бөлтекұлы атындағы жасөспірімдер спорт мектебінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Қазақбаев Оспан Дәденұлы және Жаңбыршин Еділ Терекбайұлының аудан спортшыларымен кездесуі өтті. Кездесуде О.Қазақбаев сөз алып, жиынға қатысушыларға сайлаудың еліміз үшін мән-маңызын кеңінен түсіндіріп өтті. Өз сөзінде ол партияның жеткен жетістіктері мен қоғам үшін атқарған маңызды жұмыстарын баяндап, алдағы уақытта да осы қарқынмен халық қамы үшін аянбай еңбек ете беретіндіктерін . Сайлауалды бағдарламада қамтылған мәселелер қазіргі таңда еліміз үшін атқарылуы керек ең өзекті жұмыстар екенін жиналғандарға тарқата айтып берді. Шара соңында штаб мүшелері кездесуге қатысушыларға алғысын білдіріп, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ алдағы сайлауда жұмған жұдырықтай бірлік танытып , дауыс беруге шақырды.

0
0
171

Осы тақырып бойынша

Аудандық Шоқыр Бөлтекұлы атындағы жасөспірімдер спорт мектебінде - Yvision.kz