Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық балалар өнер мектебінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына

Аудандық балалар өнер мектебінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Еділ Жаңбыршин аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын жиналған тұрғындарға түсіндіріп, бағдарламаның маңызды бөліктеріне тоқталып, әңгіме барысында алда келе жатқан сайлау науқанының мән-маңыздылығын баса айтты. Биыл әлемдік пандемияның әсерінен елімізде төтенше жағдай жарияланып, негізгі байлық денсаулық екенін ұғындырды. Бұл жағдай барлық маңызды салалардағы қызметке кеңірек қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға, жастарды еңбекқорлыққа баулуға шақырды. Тарихы тереңде жатқан қазақ елінің тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы кездесуде тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын тіледі. Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны саналатын сайлау науқанына аудан жұртшылығын үлкен ауызбіршілікпен қатысуға үндеді.

0
0
143

Осы тақырып бойынша

Аудандық балалар өнер мектебінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына - Yvision.kz