Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

С.Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайда ҚР Парламент Мәжілісі

С.Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайда ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Мусабаев Самат Базарбайұлының аудан тұрғындарымен кездесуі өтті. Өңір тумасымен кездесуге аудан тұрғындары көп жиналды. Елде болып жатқан саяси жаңалықтармен кеңінен таныстырып, алдағы болатын сайлауда белсенділік танытып, аудан тұрғындарын жаппай қатысуға шақырды. Кездесу барысында аудандағы түйткілді мәселелер сөз болды. Соның ішінде көптің көкейінде жүрген карьерлер, қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған газ тапшылығы турасында сұрақтар қойылды. Халық сөзін құлақ түре тыңдаған С.Базарбайұлы, қозғалған мәселелердің барлығы дерлік назарында екенін жеткізіп, оң шешімін табу жолында еңбек ететіндігін жеткізді. Сонымен қатар аудан тұрғындарын алда келе жатқан саяси науқанға белсенділікпен қатысуға шақырды.

0
0
157

Осы тақырып бойынша

С.Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайда ҚР Парламент Мәжілісі - Yvision.kz