Мазмұнға өту

Жаңа

Дәріханалардағы кезекті партиялық бақылау

Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Майлыбаев Талғат Қабдешұлы мен аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрайымы Мамбетова Сауле Тұрдығалиқызы аудандағы дәріханалардағы бағалардың тұрақсыздығына орай мониторинг жүргізді.

0
0
147

Қоғамдық қабылдау жұмыстары жалғасын табуда

Кенжеғалиев Сайлауғали Иманғалиұлы 15.12.2020 жылы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде аудан тұрғындарына қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда болған азаматтардың біреуі ескірген 2 қатарлы тұрғын үйлер туралы мәселе көтерді. Бір адам ауданымызда мүгедек балаларға оңалту орталығы ғимараты салынса деген тілегін айтты. Тұрғындар басқа да көкейтесті мәселелерін ортаға салды. Олардың көтеріп отырған сұрақтарына жауап беріп, шешу жолдарын жан-жақты түсіндірдім. Қабылдауда болған тұрғындарды "Nur Otan" партиясының Жылыой ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оларды дауыс беруге шақырды.

0
0
142

Үміткермен тілдесу

Партиялық акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сауле Тұрдығалиқызымен тікелей эфир өтті.Тікелей эфир барысында ауданның Сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, 7 басым бағытқа бағытталған бағдарламасына толықтай түсінік берілді.Эфир барысында аудан тұрғындарының жүрекжарды тілектері мен ұсыныс пікірлері тыңдалып,тұшымды жауаптары берілді.Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сауле Тұрдығалиқызы аудан тұрғындарын алдағы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсене атсалысып, партияны қолдауға шақырды.

0
0
198

Кезекті үгіт- насихат жұмыстары ерекеше жандермен бірге

15-ші желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер мен, Сәуле Тұрдығалиқызы аудандағы ерекше жандар мен яғни, зағиптар қоғамымен мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткіздім. Кездесу барысында Жылыой ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, сонымен қатар аудандағы қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселелерді билікке жеткізгенімді айтып өттім. Жиналысқа қатысқан ерекше жандар өздерінің көкейінде жүрген мәселелерімен бөлісті. Ерекше жандардың әрбір айтқан ой пікірлері мен үшін яғни, "Nur Otan" партисы үшін өте маңызды болып табылады. Біз сіздермен біргеміз!

0
0
178

Арман Қырықбаев Атырау өңірінде

«Nur Otan» партиясының үгіт-насихат жұмыстарының жүру барысымен танысып, алдағы жоспарларымызды жан-жақты талқыладық.

Жасотандық белсенді жастармен, өңірдің мәдениет, өнер өкілдерімен, штаб қызметкерлерімен, партиялық бақылаушылар тобымен кездесулер өткіздік.

Айта кетейін, бір аптада «Nur Otan» сайлауалды штабының мүшелері ел көлемінде 7 мыңнан астам кездесу өткізіп, 650 мыңнан астам сайлаушыны тікелей қамтыды.

Осы уақытқа дейін штабтар жанындағы қоғамдық қабылдауларға тұрғындардан 2 мыңнан астам ұсыныс-тілек келіп түсті.

Жалпы, үгіт-насихат науқаны қызып жатыр, алда атқарылатын жұмыс көп. Партияластарымыз жұдырықтай жұмылып, межелеген мақсатқа бірге жетеміз!

#BizBirgemiz #JeńimpazBol

0
0
173

Үміткерлер тікелей эфирде

Құрметті жерлестер,аудан тұрғындары ертең яғни 19 желтоқсан күні сағат 12:00 де Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат M.C.Тұрдығалиқызы "Үміткерге сұрақ қой" партиялық акциясы аясында аудандық партия филиалының Facebook әлеуметтік парақшасында Тікелей эфир арқылы үгіт- насихат жұмыстарын жүргізеді.Үміткерге қояр сауал ,ұсыныс, пікірлеріңізді күтеміз!

0
0
164