Мазмұнға өту

Жаңа

Кубеев Данияр Абдумуталипулы халықпен тығыз жұмыс жасау керек екенін жақсы білемін.

«Nur Otan» партиясының мәслихатына үміткер ретінде мен Кубеев Данияр Абдумуталипулы халықпен тығыз жұмыс жасау керек екенін жақсы білемін. Сондықтан үгіт-насихат жұмыстарын «Есіктен есікке» акциясы, канвассинг және экспромт кездесулер арқылы тұрғындардың мейлінше көп бөлігімен кездесулер өткізуге тырысамын. Кездесу барысында аудан тұрғындарының тұрмыс тіршілігін көріп, көкейіндегі жүрген сұрақтарымен ұсыныс пікірлерін тыңдаймын. Бұл менің бірінші мақсатым. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген басымдықтар мен бағыттарды айтып, алдыңғы уақытта көптеген мәселелер шешілетіндігін жеткіздім. #nurotanmenbirge #jenimpazbol #jeniskejet #nurotan #tanday2021 #язануротан

0
0
275

Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғ.Сапаралиев, Ғ.Ташимов, М.Нұран, Г.Тулешова, А.Құрбан, Б.Смайлов, М.Тайсалов, Б.Бердалы, А.Қайрат, Д.Абдрасиловтан құралған үгіт-насихат тобы Жігерген БПҰ-да болып, мүшелерімен кездесу жасады.Кездесу кезінде үміткерлер «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, онда көрсетілген ахуалды жақсарту бойынша шаралар, дамудың жеті басымдықтары жайлы айтып берді.Үміткерлер өз сөзінде біздің партия үміттеріңізді ақтау үшін, барлық топтағы халықтың мүддесін білдіру үшін және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды деді.Жиынның соңында қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарын беріп, сайлауда ел үмітін ақтаған «…

0
0
134

"Кандидат- қонақта"

Аудандық мәслихатқа үміткерлер Сержан Идиятов пен Эльмира Өтепбергенова Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР білім беру және мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ақын, ұстаз Дариға Мұштановаға сұхбаттасуға барды.

"Қош келдіңіздер" деп жылы жүзбен, ыстық ықыласпен қарсы алған Дариға Ғазезқызы төрге шығарды.

Келген кезекте "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы айтты

. Кезінде мәслихат депутаты болып, халыққа қызмет еткен ол өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныс, көзі ашық Дариға Ғазезқызы бізді мұқият тыңдап, ақыл-кеңесін беріп, жөн сілтеді.

Дана халқымыз «Батамен ел көгерер" демекші "ел азаматы болып, ұзақ өмір сүріңдер" деп батасын берді.

1
1
276

Жігерген ауылындағы ЭКСПРОМТ кездесулер!

Жігерген ауылындағы ЭКСПРОМТ кездесулер!Қазақстан үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. «Nur Otan» ешқашан бір сәттік пайданы көздеген жоқ, орындалмайтын уәде беруден де аулақ болды. Қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс істеді. Заман алдымызға тартқан сан түрлі сауалдарға біздің дайын жауабымыз болған жоқ. Ол жұмыстарды әлі де атқарып жатыр.Соңғы кездерде бетпе-бет келіп отырған қиындықтар партияның саяси тұғырнамасында көрініс тапқан құндылықтардың ерекше маңыздылығын тағы да растады. Бұлардың қатарында – Адам, Бостандық, Заң үстемдігі, Әділдік, Бірлік, Болашаққа нық қадам, Отбасы мен дәстүр секілді қастерлі ұғымдар бар. «Nur Otan» шешімдер мен әрекеттер барысы…

0
0
160

Желілік кестеге сәйкес Жігерген ауылының тұрғындарымен кездесу!

Ауыл тұрғындарының қал-жағдайларын сұрасып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық.Ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектері интернет желісінің нашарлығына байланысты, оқушылардың білім алу сапасы нашарлаған. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде мектеп оқушылары мен Техникалық және кәсіптің білім беру жүйесінің студенттері жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті.Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.Аталған жағдайды шешу үшін:«Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін* қашықтықтан оқыту нысанын сақт…

0
0
224

«Есіктен есікке» акциясы

«Есіктен есікке» акциясы

Жігірген ауылының тұрғындары арасында «Есіктен есікке» акциясын жүргіздік. Акция барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын талқыладық. «Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайтынын, Түркістан облысының Қазығұрт ауданын ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы сауда орталығына айналдыру бойынша нақты шаралар қабылданатыны айтылды.

Сонымен қатар 10 қаңтар күні өтетін,мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз!

#NurOtanДауысбер

#Tandau2021

#JenimpazBol

#Bizbirgeniz

0
0
148

Қоғамдық қабылдау бөлімінде Н.Байысбек желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

«Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлімінде Н.Байысбек желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.Қойылған талаптардың басым бөлігі мәдениет саласына қатысты. Тұрғындардың сұрақтарына заң аясында түсініктеме беріліп, тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасы насихатталып, Мәдениет саласы бойынша «Nur Otan» партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен арттыруды қолдайтыны айтылды.. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтауды және көбейтуді жақтайды.2025 жылға дейін апаттық жағдайдағы мәдениет нысандары жойылып, жаңа нысандар бой көтеретін болады.Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: Қазығұрт ауданының көрнекті тумал…

0
0
207

"Есіктен есікке" акциясы өтті

Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Какижанова Шолпан Бижанқызы "Есiктен есiкке" акциясы аясында Ақжайық ауылының тұрғындарымен жүздесу ɵткiздi.

Тұрғындарға үгiт-насихат материалдарын таратып, сайлау күнi, сайлау учаскелерiнiң орналасқан жерi туралы ақпарат бердi. Ақжайықтық жерлестерiн толғандырған мəселелердi тыңдап, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ, сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.

1
1
338