Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғ.Сапаралиев, Ғ.Ташимов, М.Нұран, Г.Тулешова, А.Құрбан, Б.Смайлов, М.Тайсалов, Б.Бердалы, А.Қайрат, Д.Абдрасиловтан құралған үгіт-насихат тобы Жігерген БПҰ-да болып, мүшелерімен кездесу жасады.

Кездесу кезінде үміткерлер «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, онда көрсетілген ахуалды жақсарту бойынша шаралар, дамудың жеті басымдықтары жайлы айтып берді.

Үміткерлер өз сөзінде біздің партия үміттеріңізді ақтау үшін, барлық топтағы халықтың мүддесін білдіру үшін және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды деді.

Жиынның соңында қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарын беріп, сайлауда ел үмітін ақтаған «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
125

Осы тақырып бойынша