Ақжар ауылының тұрғыны кәсіпкер Садықов Әділхан ағамыздың жайлауындағы кездесу!
Бүгін «Nur Otan» партиясының Қазығұрт ауданының мәслихат депутаттығына үміткер ретінде Ақжар ауылының тұрғыны кәсіпкер Садықов Әділхан ағамыздың жайлауында болдым. Егін және мал шаруашылығымен айналысатын көкеміз қуанышпен қарсы алды. Шаруашылыққа,отарға келіп партия туралы пікірін білдім. «Nur Otan» партиясы құрылғаннан бері қолдайтынын және алдағы уақытта да партия мен бірге екендігін жеткізді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар мен көмектерді яғни, аз пайызбен берілген несие,субсидияны уақытылы алып, шаруашылығын жүргізіп отырған кәсіпкер атамызға еңбегі әрқашан табысты болуын тілеп, «Nur Otan» әрқашан халықпен бірге екендігін, Еліміз, Отанымыз Қазақстанның өркендеуін, мақсат еткен партия екендігін,алдағы уақытта да аянбай еңбек етенін айтып тарқастық.
