Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Желілік кестеге сәйкес Жігерген ауылының тұрғындарымен кездесу!

Ауыл тұрғындарының қал-жағдайларын сұрасып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық.

Ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектері интернет желісінің нашарлығына байланысты, оқушылардың білім алу сапасы нашарлаған. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде мектеп оқушылары мен Техникалық және кәсіптің білім беру жүйесінің студенттері жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті.

Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.

Аталған жағдайды шешу үшін:

«Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін

* қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 4 785 дана, яғни 100% компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге;

* аудан көлемінде интернет желісіне қосылмаған отбасыларды интернет желісіне қосылу үшін АО «Қазақтелеком» «Тrans Telecom» TOO Nano Tech Service диллерлік компанияларымен келісімшарт жасап, интернет тапшылығын жою жұмыстарын жүргізуге;

* білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын (компьютерлер 5+1, оқушы жиһазы, жаңа модификациялы кабинеттер, көркем және оқу-танымдық әдебиет) нығайтуға;

 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, балабақшаларда логопед мамандарының үлесін арттыруға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай ҰБТ-да 100 және одан көп балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 10%-ға артады деп, партияның бағдарламасын үгіттедік.

Кездесу соңында 10 қаңтар «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдық!

0
0
214

Осы тақырып бойынша

Желілік кестеге сәйкес Жігерген ауылының тұрғындарымен кездесу! - Yvision.kz