Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жігерген ауылындағы ЭКСПРОМТ кездесулер!

Жігерген ауылындағы ЭКСПРОМТ кездесулер!

Қазақстан үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. «Nur Otan» ешқашан бір сәттік пайданы көздеген жоқ, орындалмайтын уәде беруден де аулақ болды. Қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс істеді. Заман алдымызға тартқан сан түрлі сауалдарға біздің дайын жауабымыз болған жоқ. Ол жұмыстарды әлі де атқарып жатыр.

Соңғы кездерде бетпе-бет келіп отырған қиындықтар партияның саяси тұғырнамасында көрініс тапқан құндылықтардың ерекше маңыздылығын тағы да растады. Бұлардың қатарында – Адам, Бостандық, Заң үстемдігі, Әділдік, Бірлік, Болашаққа нық қадам, Отбасы мен дәстүр секілді қастерлі ұғымдар бар. «Nur Otan» шешімдер мен әрекеттер барысында сара жолды саясатқа сүйене отырып, әрдайым ұлы мұраттар жолында жұмыла білді. Сарабдал саясат жүргізу және барша қазақстандықтардың мүддесін ескеру елдегі тұрақтылық пен бірліктің негізіне айналды.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы екендігі ауыл тұрғындарына насихаттадық.

Кездесу соңында, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдық.

0
0
155

Осы тақырып бойынша

Жігерген ауылындағы ЭКСПРОМТ кездесулер! - Yvision.kz