Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғамдық қабылдау бөлімінде Н.Байысбек желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

«Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлімінде Н.Байысбек  желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

Қойылған талаптардың басым бөлігі мәдениет саласына қатысты. Тұрғындардың сұрақтарына заң аясында түсініктеме беріліп, тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасы  насихатталып, Мәдениет саласы бойынша «Nur Otan» партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен арттыруды қолдайтыны айтылды.. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтауды және көбейтуді жақтайды.

2025 жылға дейін апаттық жағдайдағы мәдениет нысандары жойылып, жаңа нысандар бой көтеретін болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 Қазығұрт ауданының көрнекті тумаларын (Қалаубек Тұрсынқұлов, Райымқұл Темірбаев, Өмірсерік Қалдыбай) насихаттауға;

 ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды жалғастыруға;

 этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді қолдау, оның ішінде тақырыптық 23 іс-шаралар өткізуге;

 «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізу, оның ішінде тақырыптық 28 іс-шаралар өткізуге;

 ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық 25 іс-шаралар өткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде мәдени және рухани құндылықтар сақталып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған ойлар жүзеге асады деп аудан тұрғындарына бағдарламаны насихаттады!

Қоғамдық қабылдау соңында «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
227

"Есіктен есікке" акциясы өтті

Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Какижанова Шолпан Бижанқызы "Есiктен есiкке" акциясы аясында Ақжайық ауылының тұрғындарымен жүздесу ɵткiздi.

Тұрғындарға үгiт-насихат материалдарын таратып, сайлау күнi, сайлау учаскелерiнiң орналасқан жерi туралы ақпарат бердi. Ақжайықтық жерлестерiн толғандырған мəселелердi тыңдап, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ, сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.

1
1
366

Дәріханалардағы кезекті партиялық бақылау

Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Майлыбаев Талғат Қабдешұлы мен аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрайымы Мамбетова Сауле Тұрдығалиқызы аудандағы дәріханалардағы бағалардың тұрақсыздығына орай мониторинг жүргізді.

0
0
165

Қоғамдық қабылдау жұмыстары жалғасын табуда

Кенжеғалиев Сайлауғали Иманғалиұлы 15.12.2020 жылы аудандық мәслихат  депутаттығына үміткер ретінде аудан тұрғындарына қабылдау өткізді.   Қоғамдық қабылдауда болған азаматтардың біреуі ескірген 2 қатарлы тұрғын үйлер туралы мәселе көтерді. Бір адам  ауданымызда мүгедек балаларға оңалту орталығы ғимараты салынса деген тілегін айтты. Тұрғындар басқа да көкейтесті мәселелерін ортаға салды. Олардың көтеріп отырған сұрақтарына жауап беріп, шешу жолдарын жан-жақты түсіндірдім. Қабылдауда болған тұрғындарды "Nur Otan" партиясының Жылыой ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оларды дауыс беруге шақырды.

0
0
159

Үміткермен тілдесу

Партиялық акциясы аясында   аудандық мәслихат депутаттығына үміткер  Сауле Тұрдығалиқызымен тікелей эфир өтті.Тікелей эфир барысында ауданның  Сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, 7 басым бағытқа бағытталған бағдарламасына толықтай түсінік берілді.Эфир барысында аудан тұрғындарының жүрекжарды тілектері мен  ұсыныс пікірлері тыңдалып,тұшымды жауаптары берілді.Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сауле Тұрдығалиқызы аудан тұрғындарын  алдағы  10 қаңтарда өтетін сайлауға белсене атсалысып, партияны қолдауға шақырды.

0
0
216

Кезекті үгіт- насихат жұмыстары ерекеше жандермен бірге

15-ші желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер мен, Сәуле Тұрдығалиқызы аудандағы ерекше жандар мен яғни,  зағиптар қоғамымен мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткіздім.  Кездесу барысында Жылыой ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып,  сонымен қатар аудандағы қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселелерді билікке жеткізгенімді айтып өттім.  Жиналысқа қатысқан ерекше жандар өздерінің көкейінде жүрген мәселелерімен бөлісті.  Ерекше жандардың әрбір айтқан ой пікірлері мен үшін яғни, "Nur Otan" партисы үшін өте маңызды болып табылады.  Біз сіздермен біргеміз!

0
0
201