"Кандидат- қонақта"
Аудандық мәслихатқа үміткерлер Сержан Идиятов пен Эльмира Өтепбергенова Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР білім беру және мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ақын, ұстаз Дариға Мұштановаға сұхбаттасуға барды.
"Қош келдіңіздер" деп жылы жүзбен, ыстық ықыласпен қарсы алған Дариға Ғазезқызы төрге шығарды.
Келген кезекте "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы айтты

. Кезінде мәслихат депутаты болып, халыққа қызмет еткен ол өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныс, көзі ашық Дариға Ғазезқызы бізді мұқият тыңдап, ақыл-кеңесін беріп, жөн сілтеді.
Дана халқымыз «Батамен ел көгерер" демекші "ел азаматы болып, ұзақ өмір сүріңдер" деп батасын берді.
