Nur Otan Атырауда: Ластаушы қалдықтар көлемін 12%-ке төмендетеміз
Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысшыларымен кездесу барысында экология, жұмыспен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту және т.б. мәселелер талқыланды.Партия алдағы 5 жылда өңірде кемінде 100 мың жұмыс орнын ашуға, 10 жаңа денсаулық сақтау нысанын, 11 мектеп пен 56 балабақша салуға уәде береді. Сондай-ақ, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 7 мың пәтер берілмек, ол үшін шамамен 3,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.Өңір тұрғындары үшін тағы бір маңызды мәселе – экология. Бұл ретте «Nur Otan» ластаушы шығарындылар көлемін 12%-ке төмендету үшін бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғырту міндетін қойып отыр.Бұдан соң сайлауалды штаб мүшелері қоғамдық ұйым өкілдерімен, паралимпиадалықтармен және басқа да ерекше қажеттілігі бар белсенді азаматтармен кездесті.«Өздеріңіз білетіндей,…