«Есіктен-есікке» атты үгіт-насихат жұмыстары өтті
25 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық сайлауалды штабының өкілдері сайлаушыларға сайлаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Есіктен-есікке» атты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Бұл шарада партияның Казталов аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерболат Бекмулдин, Қайрат Жақып, Берік Рахымғалиев аудан орталығын аралап, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында 10 қаңтардағы ҚР Парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлаудың маңыздылығын және партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, арнайы ақпараттық-хабарламалық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар аудандық сайлауалды штабының мүшелері тұрғындарға еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығының, партия төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара жолының арқасында еліміздің әлеуеті жақсарғандығын да тілге тиек етті. «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы
