Мәслихат депутаттығына үміткерлер Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шықты
24 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Салтанат Өтеғұлова мен Нұрлыбай Жолдыбаев Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы сайлаушыларымен байланыс орнатты. «Кандидатқа сұрақ қой» бағыты бойынша өткен кездесуде сайлаушылар жастарды қолдау бағытында жас мамандарды жұмысқа орналастыру, үй мәселесі, білім саласына қатысты қашықтан оқыту секілді қоғамдық сауалдар қойды. Сайлаушылардың ұсыныстары қатарынан Талдықұдық ауылында газдың жоқтығы, базардағы өнімдердің қымбатышылығы және әлеуметтік және экономикалық салаларына қатысты мәселелер де табылды. Үміткерлер айтылған ұсыныстар мен пікірлерді назарға алатындығын ескертіп, кейбір сұрақтарға бағдарлама шеңберінде қолға алынған жобаларды атап өте отырып жауап берді. Сонымен қатар үміткерлер сайлаушыларды 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін ҚР Парламенті мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауда партияны қолдауға шақырды. «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы
