Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміткерлер сайлаушылардың үйлерін аралап түсінік жұмыстарын жүргізді

26 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Салтанат Өтеғұлова мен Нұрлыбай Жолдыбаев «Есіктен есікке» атты үгіт-насихат жұмыстары аясында сайлаушылардың үйлерін аралап түсінік жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық-хабарламалық жадынамалар таратты. Үгіт-насихат жұмыстары барысында үміткерлер сайлаушыларға партияның атқарған істері мен 2025 жылға арналған бағдарламасын баяндап, атқарылатын жобаларды атап өтті. Үміткерлер партия төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты мен көрегендігінің арқасында елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнағандығын жеткізе отырып, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға арналған сайлауалды бағдарламасының 17 басымдығын және облыстық филиалдың бағдарламасында көрсетілген негізгі бағыттарды атап өтіп «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» деген ұранды сөздің астарында татулық пен бірліктің мызғымас күші тұрғандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар сайлаудың маңыздылығын да түсіндіре отырып сайлаушыларды 10 қаңтар күні өтетін ҚР Парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін де назарға ала отырып, партияның сайлаушылар ұсынысын елеусіз қалдырмайтындығын жеткізді. «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
164

Осы тақырып бойынша

Үміткерлер сайлаушылардың үйлерін аралап түсінік жұмыстарын жүргізді - Yvision.kz