«Кандидат-қонақта»
27 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан Казталов аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Абылай Молдашев пен Мейіржан Қарабалин «Кандидат-қонақта» форматындағы үгіт-насихат жұмыстары негізінде еңбек ардагері Ғилым Едекешовтың үйіне барды. Кездесуде үміткерлер партияның бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасын баяндап, атқарылатын жұмыстар мен жобаларды атап өтіп, сайлаудың маңыздылығын да ескертті. Еңбек ардагері Ғилым Едекешов өзінің еңбек жолын баяндай отырып, Елбасымыздың көрегендігінің арқасында тұрақтылық қалыптасқанын да ерекше ықыласпен атап өтті. Ардагер өз сөзінде партияның да жетістігін халық көріп отырғандығын және риза екендігін, еліміз бен жетекші партия «Nur Otan»-ға сеніммен қарайтындығын жеткізді. Үміткерлер ардагерді және отбасын алдағы сайлауда партияны қолдауға шақырды. «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы
