Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
25 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Миржан Қарабалин, Гүлбарам Лұқпанова, Абылай Молдашев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің қызметкерлері және студенттерімен кездесті. Үміткерлер кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасымен қоса өздерінің жоспарларымен бөлісіп, партияның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары мен жаңалықтарын баяндап берді. Кездесуде сайлаушылар тарапынан ауыз су, техникалық сумен ауылдың әр үйінің қамтамасыз етілуі, жаяу жүргінші жолдарының сапасы, кəсіптік-техникалық мамандарға мемлекет тарапынын қолдау қажет екендігі, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының партия мен депутаттар тарапынан арнайы мамандармен бірлескен бақылаулары болса деген мәселелер көтеріліп ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар партияның қолға алған жобалары жөнінде де бірқатар сауалдар қойылып талқыланды. Үміткерлер сайлаушыларды алдағы сайлауда еліміздің жетекші партиясы «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды. «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы
