Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қайрат Жакупов және Гүлдана Даулетова Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шықты.

25 желтоқсан күні «Кандидатқа сұрақ қой» атты үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы атынан Казталов аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қайрат Жакупов және Гүлдана Даулетова Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шықты. Үміткерлер сайлаушыларға еліміздегі тұрақтылықтың негізі мен партияның бағдарламасы және өздерінің жобалары жөнінде баяндай отырып сайлаушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сайлаушыларды ауданымыздағы БАҚ саласы, әлеуметтік сала және мәдениет саласындағы өзгерістер мен түйткілді мәселелер қызықтырды. Эфир барысында сайлаушылар үміткерлерге сәттілік тілеп, сайлауда партияны қолдайтындықтарын жеткізді. Үміткерлер де сайлаушылар мен партия жақтастарына өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы сайлауда «Nur Otan»-ды қолдауға шақырды. «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
129

Осы тақырып бойынша

Қайрат Жакупов және Гүлдана Даулетова Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шықты. - Yvision.kz