Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ерболат Бекмулдин мен Артур Берденов үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

26 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан Казталов аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Ерболат Бекмулдин мен Артур Берденов үгіт-насихат жұмыстары барысында Талдықұдық ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесті. Партияның Казталов аудандық сайлауалды штабының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлаушыларды «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының 2025 жылға арналған сайлауалды бағдарламасындағы 17 басымдық және партияның Казталов аудандық филиалының бағдарламасында көрсетілген 7 айқын бағыттарды түсіндіріп берді. Сайлаушылар тарапынан аталған ауылдық округке қатысты көгілдір отын, ұялы байланыс желісі, білім және кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелер көтерілді. Үміткерлер айтылған кейбір мәселелер партияның сайлауалды бағдарламасында нақты атап көрсеткендігін тілге тиек етіп, өзге де түйткілді мәселелрге қатысты ұсыныстарды назарға алатындықтарын жеткізді. Сонымен қатар сайлаушыларды алдағы сайлауда партияны қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
224

Осы тақырып бойынша

Ерболат Бекмулдин мен Артур Берденов үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді - Yvision.kz