Мазмұнға өту

Жаңа

Еліміздің азаматтары интернет-аляақтарға екі айда 4 млрд теңге берген

Жыл басынан бері 3 мың қазақстандық интернет-алаяқтарға 4 млрд теңгесін беріп жіберген.Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде жыл басынан бері ең көп тіркелген интернет алаяқтық түрлерін атады.«2 айда 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркеліп, азаматтарға 4 млрд теңгеден астам шығын келді. Біздің елде интернет алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі белгілі сауда алаңдары мен чаттарында, әлеуметтік желі мен мессенджерлерде хабарландыру мен жарнамалар арқылы жасалатын интернет сауда. Әдетте алаяқтар өз қызметінің немесе тауардың бағасын нарықтағыдан төмен етіп көрсетіп, алдын ала төлем сұрайды. Биыл 1 мыңнан астам осындай қылмыс тіркелді», - деді орталық бастығы.Оның…

0
0
312

Си Цзиньпин жазда Қазақстанға келеді

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин шілде айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Фото: © AP Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуінде белгілі болды. «Боао форумына қатысқаныма қуаныштымын. Бұл өте маңызды әрі қолдауға лайықты шара деп санаймын. Сондықтан мен арнайы келіп, форумда сөз сөйлеуге шешім қабылдадым. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Төраға Си Цзиньпинге жылы лебізімді жолдағым келеді. Оның шілде айының басында Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарын асыға күтеміз», - деді Қазақстан Президенті. @qazaqstantv

0
0
279

Іздеуде жүрген екі күдікті Түркиядан қайтарылды

Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды.

Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еріктерімен қайтарған. Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған. 28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді. Екі күдікті уақытша ұстау қапасына қамалды.

https://t.me/GenPr

0
0
317

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен кездесу өткізді.Қазақстан Президенті Боао форумына қатысуға шақырғаны үшін Пан Ги Мунға ризашылығын білдіріп, оның БҰҰ Бас хатшысы қызметін атқарған кезде әлемдік қауымдастыққа елеулі еңбек сіңіргенін атап өтті."Менің пікірімше, Сіз Біріккен Ұлттар Ұйымы тарихындағы ең үздік бас хатшылардың бірі ретінде қызмет еттіңіз. Екі жарым жыл Сіздің жетекшілігіңізбен жұмыс істеу мен үшін керемет кезең әрі зор мәртебе болды", – деді Президент.Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын айтты."Сіз Қазақстан Президенті ретінде өңірдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға, адамзат пен БҰҰ-…

0
0
299

Шетелдіктерге жасалатын дактилоскопия жемісін беріп жатыр - вице-министр

Фото: ©Sputnik

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха шетелдіктер үшін дактилоскопиялық тексеру енгізудің нәтижесі ойдағыдай болып жатқанын айтты.

"1 қаңтардан бастап елге келетін шетелдіктер үшін міндетті дактилоскопия енгізгенімізді білесіздер. Бұл шара қазір жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде жыл басынан бері елімізге өтіп, осында қалып қоймақ болған 10 қылмыскерді анықтадық", - деді Лепеха.

0
0
313

Ақтөбенің орталығын су басып қалды

Ақтөбе қаласының қақ ортасынан өтетін Сазды өзені тасып жатыр.

Өзенде таңнан бастап сел жүріп, мұз бөліктері кептеліп қалған. Содан судың жүруіне кедергі келіп, ол арнадан аса бастайды. Сөйтіп, қаланы су басып қалды.

Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, мұздың қалыңдығы - 40-50 см.

"Мұз кептелісін жою мақсатында жергілікті атқарушы орган, әскери қызметкерлер, ТЖД, полиция қызметкерлерінен 157 жеке құрам, 50-ден аса техника жұмылдырылды. Бірінші кезекте өзенді мұздан тазалау жұмыстары қолға алынып жатыр. Құм, инертті материалдар үздіксіз тасымалданады. Әскерилер қапқа құм толтырып, жағаларды бекіту жұмыстарына кірісті", - деді Жүнісов.

0
0
331

Қостанай облысында су басқан үйлер құлай бастады

Қостанай облысындағы ауылдарда қатты тасқын болып, су үйлерге дейін кіріп кеткен.

Бір тұрғын таратқан бейнежазбада тіпті үйлердің қирай бастағаны айтылады.

«Машина, бәрі... (суда қалды). Үй опырылып құлап түсті. Мына көрші үй бітті, бәрі бітті. Үй қалған жоқ ауылда. Дал-далы шықты бәрі», - дейді видео авторы.

«Қостанай облысының тұрғындары үйлерін, тіпті тұтас елді мекенді су басып жатқанын көрсететін видеоларын таратып жатыр.

Олардың екі сұрағы бар: бұл апаттың алдын алуға болмас па еді және осының бәрін енді кім қалпына келтіреді?

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желіде зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілетіні туралы жазды.

«Су тасқынынан келтірілген шығынды анықтау үшін комиссия құрылды, барлық шығын өтеледі» деп мәлімдеді ол», – деп жазады https://t.me/sputnikKZ .

0
0
238

Шикізаттың аса маңызды түрлерін өндіру ынтымақтастықтың болашағы үшін қажет

Мемлекет басшысының айтуынша, шикізаттың аса маңызды түрлерін өндіру ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты саналады. "Сирек кездесетін металдар көптеген технология үшін аса маңызды компонентке айналды. Олар өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, ғарыш және қорғаныс сияқты стратегиялық салаларда мүлдем қалдық болмайтын деңгейге жету үшін қажет. Біз уран, литий, титан және басқа да сирек кездесетін элементтердің ірі кен орындарын игерудің ең тиімді тәсілдерін қолдану мақсатында халықаралық серіктестермен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыра береміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Азия өзінің экономикалық, технологиялық және мәдени артықшылықтарын пайдалану арқылы әлемнің келешек даму бағытын айқындауда шешуші рөл атқара алатынына сенім білдірді. Бұл рет…

0
0
281

Алматыда орталықтағы саябақтың жері жекеменшіктен қайтарылды

Алматы қаласының прокуратурасы қала орталығындағы саябақты қайтарды.

inform.kz

Алматы қаласының прокуратурасымен көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 г. жер телімін заңсыз беру фактісі анықталды. Талдау көрсеткендей, 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жеке меншік құқығын берген. Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді. Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. 2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды.

https://t.me/GenPr

0
0
394

Жетекші елдердің сауда қатынасының шиеленісуі әлемдік экономика үшін қауіпті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі.Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының (БАФ) пленарлық сессиясының ашылу рәсіміне қатысты. Биылғы 23-ші форум «Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» деген тақырыпта өтіп жатыр.Қазақстан Президенті аталған форумда құрметті қонақ ретінде сөз сөйледі.Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, құбылмалы геосаяси ахуал мен экономикалық қиыншылықтың салдарынан туындаған жаһандық тұрақсыздық жағдайында бұл платформа диалог пен халықаралық ынтымақтастық орталығы ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті."Осы онжылдықтың ортасына қарай жаһандық жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны соңғы 30 жылда ең төменгі деңгейге түсетіні айқы…

0
0
226