Мазмұнға өту

Жаңа

Өткен түнде су басқан ауылдардан 150-ден астам тұрғын эвакуацияланды

Осы түні ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді. Іс-шара Қорғаныс министрлігінің Әуе кемелерінің көмегімен өтті. 150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар. Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.

t.me/qr_tjm

0
0
427

Тоқаев Қытайдың Боао қаласына Азия форумына қатысуға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына келді.
undefined
Мемлекет басшысын БАФ директорлар кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи қарсы алды.

0
0
267

«Мен қылмыс жасадым ба, білмеймін» - Бишімбаевпен бірге айыпталушы

Бүгін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевпен бірге сотталып жатқан Бақытжан Байжанов та судьяның сұрақтарына жауап берді.

«Құрметті сот, бейнежазбаны өшіріп тастауды, Салтанаттың телефонын үйіне апаруды сұрағаным рас. Қылмыс жасадым ба, білмеймін. Ол кезде мен Салтанаттың өлгелі жатқанын немесе өлгенін білген жоқпын. Қылмыс жасадым ба, білмеймін», – деді ол.

Бишімбаевқа туыс болып келетін Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталуда. Олар – аса ауыр қылмысты жасыру және ол туралы хабарламау.

Айта кетейік, Байжанов – қанды оқиға болған «Гастроорталықтың» директоры.

0
0
377

Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді

Бүгін әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды. Бишімбаев өзіне сөз берілген кезде прокурорлар таққан айыпты мойындамайтынын мәлімдеді."Менің ешқайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде де, еш жерде оқиғаның қалай болғанын айтуға мүмкіндігім болмады. Прокурорлардың қазір оқығандарының көбі жалған, расталмаған және дәлел жоқ. Сондықтан 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған жоқ, мен оны мойындамаймын. Мен толық көлемде емес, адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру бойынша айтып отырмын. Түсіндіруге мүмкіндігім болады деп үміттенемін", - деді айыпталушы. Айта кетейік, бұл соттағы айыпталушылар орындығында Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов та отыр. Ол қылмысты жасырып қалды, ол туралы ти…

0
0
228

Жұмысы уақытша тоқтаған Ақтөбе әуежайын осыншалық деңгейде су басқан

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайын су басып жатқанын көрсететін видео тарады.

Өз аумақтарын осыншалық су басқанын әуежай әкімшілігі растап отыр. Ал бейнежазбадан ұшу-қону алаңының көлге айналып кеткенін байқайсыз.

Ақтөбе әуежайы ұшу-қону алаңын тазарту жұмыстарына байланысты уақытша жабылғанын бұрынырақ хабарлағанбыз.

0
0
343

Жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын контрабандалық темекі өнімдері анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті.

2024 жылғы 23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтады. Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған. Ұсталған жүк тергелуі бойынша әрі қарай іс жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды. ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
238

Елімізде әрбір бесінші адам құмар ойын ойнайды немесе соған қатысы бар – депутат

400 мыңдай адам ойынға салынып, букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді.Фото: rehabcenterindore.com-«Ойын бизнесі туралы» заң жобасының Мәжілістегі таныстырылуы кезінде Бейсенбаев қазір Қазақстанда ойынқұмарлықтың індеттей өршіп, ел қауіпсіздігіне қатер төндіре бастағанына тоқталды. Мұның басты себебі — құмар ойындарының жұртшылыққа оңай қолжетімді болуы және оны ұйымдастырушылардың интернеттегі сайттарының кеңінен таралуы. Ойын бизнесінің өкілдері соның арқасында майшелпекке молынан батып отыр.«Мәселен, былтыр букмекерлік кеңселердің жылдық айналымы бейресми ақпараттар бойынша 1 триллион теңгеге жеткен. Қазір құмар ойындары жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, алдыңғы орынға шыққан. Сондықтан осынау з…

0
0
201

БҚО-дағы Аңқаты ауылында 16 үйге су кірді

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Аңқаты ауылында да тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұл елді мекенде жауын-шашынның мол түсуі және дала аймағында еріген қардың суына байланысты 16 тұрғын үйге су кіріп, сондай-ақ, 8 аула аумағын су басты. Қазіргі уақытта 27 тұрғын мектеп-интернат ғимаратына көшірілді. Үй жануарлары мен құстар қауіпсіз жерлерге шығарылды. Су деңгейін түсіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы бөгенді ашу жұмыстары жүргізілді.

t.me/qr_tjm

0
0
340

Ақтөбе әуежайы уақытша жабылды

Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы ұшу-қону алаңын тазарту жұмыстарына байланысты уақытша жабылды.Бүгін сағат 06:30-дан 17:00-ге дейін мұнда ешқандай ұшақ көкке көтерілмейді де, жерге қонбайды да.Осыған байланысты мынадай рейстер кешіктіріледі:SCAT/DV496/ Стамбұл - Ақтөбе;SCAT/DV1722/ Ақтөбе - Астана;FLYARYSTAN/KC7191/ Алматы - Ақтөбе;FLYARYSTAN/KC7192/ Актобе - Алматы;QAZAQ AIR/IQ399/ Астана - Ақтөбе;QAZAQ AIR/IQ395/ Ақтөбе - Атырау;QAZAQ AIR/IQ396 Атырау - Ақтөбе;QAZAQ AIR/IQ400 Ақтөбе - Астана;AIR ASTANA/KC863/ Алматы - Ақтөбе;AIR ASTANA/KC864/ Ақтөбе – Алматы;SCAT/DV5263/ Шарм – әш – Шейх – Ақтөбе;SCAT/DV5264/ Ақтөбе - Шарм – әш – Шейх;SCAT/DV721/ Астана - Ақтөбе;SCAT/DV722/ Ақтөбе – Астана.Рейстердің нақты кестесін әуежайдың немесе әуе компанияларының анықтама қызметтері…

0
0
265