Мазмұнға өту

Жаңа

Ақтөбенің орталығын су басып қалды

Ақтөбе қаласының қақ ортасынан өтетін Сазды өзені тасып жатыр.

Өзенде таңнан бастап сел жүріп, мұз бөліктері кептеліп қалған. Содан судың жүруіне кедергі келіп, ол арнадан аса бастайды. Сөйтіп, қаланы су басып қалды.

Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, мұздың қалыңдығы - 40-50 см.

"Мұз кептелісін жою мақсатында жергілікті атқарушы орган, әскери қызметкерлер, ТЖД, полиция қызметкерлерінен 157 жеке құрам, 50-ден аса техника жұмылдырылды. Бірінші кезекте өзенді мұздан тазалау жұмыстары қолға алынып жатыр. Құм, инертті материалдар үздіксіз тасымалданады. Әскерилер қапқа құм толтырып, жағаларды бекіту жұмыстарына кірісті", - деді Жүнісов.

0
0
307

Қостанай облысында су басқан үйлер құлай бастады

Қостанай облысындағы ауылдарда қатты тасқын болып, су үйлерге дейін кіріп кеткен.

Бір тұрғын таратқан бейнежазбада тіпті үйлердің қирай бастағаны айтылады.

«Машина, бәрі... (суда қалды). Үй опырылып құлап түсті. Мына көрші үй бітті, бәрі бітті. Үй қалған жоқ ауылда. Дал-далы шықты бәрі», - дейді видео авторы.

«Қостанай облысының тұрғындары үйлерін, тіпті тұтас елді мекенді су басып жатқанын көрсететін видеоларын таратып жатыр.

Олардың екі сұрағы бар: бұл апаттың алдын алуға болмас па еді және осының бәрін енді кім қалпына келтіреді?

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желіде зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілетіні туралы жазды.

«Су тасқынынан келтірілген шығынды анықтау үшін комиссия құрылды, барлық шығын өтеледі» деп мәлімдеді ол», – деп жазады https://t.me/sputnikKZ .

0
0
226

Шикізаттың аса маңызды түрлерін өндіру ынтымақтастықтың болашағы үшін қажет

Мемлекет басшысының айтуынша, шикізаттың аса маңызды түрлерін өндіру ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты саналады. "Сирек кездесетін металдар көптеген технология үшін аса маңызды компонентке айналды. Олар өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, ғарыш және қорғаныс сияқты стратегиялық салаларда мүлдем қалдық болмайтын деңгейге жету үшін қажет. Біз уран, литий, титан және басқа да сирек кездесетін элементтердің ірі кен орындарын игерудің ең тиімді тәсілдерін қолдану мақсатында халықаралық серіктестермен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыра береміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Азия өзінің экономикалық, технологиялық және мәдени артықшылықтарын пайдалану арқылы әлемнің келешек даму бағытын айқындауда шешуші рөл атқара алатынына сенім білдірді. Бұл рет…

0
0
269

Алматыда орталықтағы саябақтың жері жекеменшіктен қайтарылды

Алматы қаласының прокуратурасы қала орталығындағы саябақты қайтарды.

inform.kz

Алматы қаласының прокуратурасымен көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 г. жер телімін заңсыз беру фактісі анықталды. Талдау көрсеткендей, 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жеке меншік құқығын берген. Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді. Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. 2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды.

https://t.me/GenPr

0
0
372

Жетекші елдердің сауда қатынасының шиеленісуі әлемдік экономика үшін қауіпті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі.Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының (БАФ) пленарлық сессиясының ашылу рәсіміне қатысты. Биылғы 23-ші форум «Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» деген тақырыпта өтіп жатыр.Қазақстан Президенті аталған форумда құрметті қонақ ретінде сөз сөйледі.Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, құбылмалы геосаяси ахуал мен экономикалық қиыншылықтың салдарынан туындаған жаһандық тұрақсыздық жағдайында бұл платформа диалог пен халықаралық ынтымақтастық орталығы ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті."Осы онжылдықтың ортасына қарай жаһандық жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны соңғы 30 жылда ең төменгі деңгейге түсетіні айқы…

0
0
211

Өткен түнде су басқан ауылдардан 150-ден астам тұрғын эвакуацияланды

Осы түні ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді. Іс-шара Қорғаныс министрлігінің Әуе кемелерінің көмегімен өтті. 150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар. Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.

t.me/qr_tjm

0
0
404

Тоқаев Қытайдың Боао қаласына Азия форумына қатысуға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына келді.
undefined
Мемлекет басшысын БАФ директорлар кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи қарсы алды.

0
0
256

«Мен қылмыс жасадым ба, білмеймін» - Бишімбаевпен бірге айыпталушы

Бүгін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевпен бірге сотталып жатқан Бақытжан Байжанов та судьяның сұрақтарына жауап берді.

«Құрметті сот, бейнежазбаны өшіріп тастауды, Салтанаттың телефонын үйіне апаруды сұрағаным рас. Қылмыс жасадым ба, білмеймін. Ол кезде мен Салтанаттың өлгелі жатқанын немесе өлгенін білген жоқпын. Қылмыс жасадым ба, білмеймін», – деді ол.

Бишімбаевқа туыс болып келетін Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталуда. Олар – аса ауыр қылмысты жасыру және ол туралы хабарламау.

Айта кетейік, Байжанов – қанды оқиға болған «Гастроорталықтың» директоры.

0
0
356

Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді

Бүгін әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды. Бишімбаев өзіне сөз берілген кезде прокурорлар таққан айыпты мойындамайтынын мәлімдеді."Менің ешқайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде де, еш жерде оқиғаның қалай болғанын айтуға мүмкіндігім болмады. Прокурорлардың қазір оқығандарының көбі жалған, расталмаған және дәлел жоқ. Сондықтан 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған жоқ, мен оны мойындамаймын. Мен толық көлемде емес, адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру бойынша айтып отырмын. Түсіндіруге мүмкіндігім болады деп үміттенемін", - деді айыпталушы. Айта кетейік, бұл соттағы айыпталушылар орындығында Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов та отыр. Ол қылмысты жасырып қалды, ол туралы ти…

0
0
217

Жұмысы уақытша тоқтаған Ақтөбе әуежайын осыншалық деңгейде су басқан

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайын су басып жатқанын көрсететін видео тарады.

Өз аумақтарын осыншалық су басқанын әуежай әкімшілігі растап отыр. Ал бейнежазбадан ұшу-қону алаңының көлге айналып кеткенін байқайсыз.

Ақтөбе әуежайы ұшу-қону алаңын тазарту жұмыстарына байланысты уақытша жабылғанын бұрынырақ хабарлағанбыз.

0
0
317