Мазмұнға өту

Жаңа

Астанада аурухананың жағдайы ауыр халде

undefined

"Бізге оқырмандарымыз елорданың №1 ауруханасынан осындай фотосуреттер жіберді. Төбесінен су ағып жатыр дейді. Қазір жауын салдары жойылуда. Күрделі жөндеуге дайындық жасау үшін тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазады Astanovka98.

0
0
382

Шетелдік қылмыс әлемінің Қазақстанға ықпал ету әрекетіне тосқауыл қойылды

Қазақстанның құқық қорғау органдары шетелдік криминалитеттің ықпал ету әрекеттерін тоқтатты.Ірі транзиттік маршруттардың болуы және мемлекеттің тұрақты дамуы шетелдік инвесторларды ғана емес, шетелдік криминалитет өкілдерін де қызықтырады. Ішкі істер министрлігі ҰҚК және Бас прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық ортада, оның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерде болып жатқан процестерді тұрақты бақылау және қадағалау нәтижесінде шетелдік криминалитеттің кез келген әрекетіне уақтылы және жедел түрде тосқауыл қояды. Өткен жылы Қазақстан аумағына жақын шет елдерден кірмек болған қылмыс әлемінің төрт өкілінің әрекеті тоқтатылған. Ал биыл 19 мамырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және ҰҚКД жедел мәліметтер бойынша қылмыстық ортада “заңдағы ұры” а…

0
0
410

Алматыда лаңкестікті насихаттады деген күдікпен шетелдіктер ұсталды

2024 жылғы 28 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады.

undefined

ҰҚК баспасөз қызметінің тергеу мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, олар бұрын ұзақ уақыт шет елде тұрып, радикалды діни идеологияға тартылған.

Қазақстанға ағымдағы жылы келген, тұрақты жұмыстары болмаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

0
0
371

Санкт-Петербургте қазақстандық бүлдіршін үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті

Оны анасы Ресейге емдетуге алып барған.

undefined

Фото: qaragandyhabary.kz

Оқиғаның мән-жайы әдеттегідей. Алты жасар бала шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйенемін деп, үшінші қабаттан ұшып түскен.

«Фонтанка SPB Online-ның» хабарлауынша, жеткіншек Раухфус атындағы балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген. Оған ашық бас-ми жарақаты, ми зақымдануы, ішкі ағзалардың жарылуы деген диагноздар қойылды. Сөйтіп, бала жансақтау бөліміне жатқызылған.

Жеткіншектің психикалық даму ерекшелігі деген дерті бар. Оны анасы Санкт-Петербургке емдетуге алып барыпты.     

0
0
352

Тоқаев: "Орта державалар - саясаттағы өзгеріске бейім басты ойыншылар"

Euronews Қазақстан Президентінің мақаласын жариялады.Фото: sputnik.kzСингапурға мемлекеттік сапары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі орта державалардың атқаратын рөлі туралы дәріс оқып, осы мәселеге егжей-тегжейлі тоқталған еді."БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері иелік ететін вето құқығы көбіне жаһандық дағдарыстарға қарсы оңтайлы ұжымдық шешімдерге кедергі келтіреді. Соның салдарынан мәселе шешілмей, біржақты сценарийлерге әкеп соғатын кездер аз емес. Өз кезегінде бұл мәселені жан-жақты қарастырып, тиімді ортақ шешім шығаруда қиындық тудырып, халықаралық институттарға деген сенімге нұқсан келтіреді.Осы орайда, Қазақстан сияқты орта державалардың өз аймағында және одан тыс жерлерде де тұрақтылық, бей…

0
0
517

Кеденнен темекі, валюта, смартфондар мен дәрі-дәрмекті заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

«Қорғас» кеден бекеті арқылы темекі бұйымдарын, валютаны, смартфондар мен дәрі-дәрмектерді заңсыз әкетудің жолы кесілді.Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қорғас ШЫХО» кеден бекетінің қызметкерлері 2024 жылғы 25-26 мамыр аралығында кеден заңнамасын бұза отырып темекі өнімдерін тасымалдаудың 2 фактісін, валютаны заңсыз шығарудың 2 фактісін, смартфондарды тасымалдаудың 1 фактісін және дәрілік заттарды тасымалдаудың 1 фактісін анықтады.Осылайша, азамат Х.-ның жеңіл автокөлігін кедендік тексеру кезінде оның ішінен «OSCAR», «ESSE» маркалы 2161 блок темекі бұйымдары, ал азамат М.-да «MILANO» және «MAC» маркалы 205 блок темекі өнімдері табылды.Қазақстанның екі азаматынан кедендік тексеруден жасырып, валюта бағамы бойынша 10 000 АҚШ долларына тең сомадан асатын 11 миллион…

0
0
434

ІІМ түлектер мен ата-аналарға үндеу жасады

"Бұрын хабарланғандай, “соңғы қоңырау” кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін әр мектепке жауапты полиция қызметкерлері бекітілді. Барлығы 10 мыңға жуық полицей және 2,5 мың қызметтік көлік жұмылдырылды. Ескертулерге қарамастан, бірқатар өңірде мектеп түлектерінің қатысуымен құқық бұзушылықтар тіркелді. Мысалы, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында түлектер арасында топтық жанжал орын алды. Полиция дереу бұл фактінің жолын кесті. Сондай-ақ бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендер жоқ. Бұдан басқа, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы және Түркістан облыстарында автокөлік кортеждерінің жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері анықталды. Барлық кінәлі жүргізушілер мен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналар мен түлектерді мінез-құ…

0
0
370

Қарағандыда инкассатор тонауға қатысты күдікті Алматы облысынан ұсталды

Қарағанды полициясы​​ инкассаторларға шабуыл жасаған төртінші күдіктіні ұстады. 2020 жылдың мамыр айының соңында, пандемия уақытында Қарағанды қаласында болған шулы оқиға әлі де ел есінде. Облыс орталығында белгісіз біреулер алдын ала жасалған жоспар бойынша инкассаторлар мінген автокөлікке әдейі жол-көлік оқиғасын жасап, жол апатына түскен автокөліктен 70 миллион теңге ақша және қаруларын алып, оқиға орнынан іздерін жасырған болатын. Сол кезде криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті ұсталып, олардан 30 миллион теңге ақша тәркіленді. Ал төртінші күдікті қашып кеткен. Тергеу әрекеттері және сот отырысы барысында ұсталғандардың әрқайсысы өздерін ақтауға тырысып, барлық кінәні қашып кеткен күдіктіге жаппақ болды. Тергеу әрекеттері…

0
0
415

СҚО-да​ 240-тан аса заңсыз ветеринарлық анықтама берілген

Солтүстік Қазақстан​ облысының прокурорлары ветеринария​​ қызметін тексеріп, көптеген заңбұзушылықтарды анықтады.СҚО прокуратурасының мәліметінше, облыстың ветеринарлық қызметтері «Ветеринария туралы» Заңның талаптарына қайшы, ветеринариялық құжаттарды беру және жануарларды вакцинациялау тәртібін бұзып, ірі қара малға диагностикалық зерттеулерді толық жүргізбеген. Тексеру барысында ветеринарлардың 15 мың жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларына қағаз жүзінде вакцина салғандығы анықталды.242 жағдайда белгіленген тәртіпті бұза отырып, жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық анықтамалар берілген.Ал жергілікті атқарушы органдар ветеринариялық ережелердің талаптарына қайшы сібір жарасы қорымдары мен мал қорымдарын тиісті деңгейде ұстауды қамтамасыз етпеген.Сою пункттері мен алаңдардың жет…

0
0
437

Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасары Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталды

undefined
Бас прокуратурамен 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі.
Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Абильбеков ұсталды.

ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.

📱 https://t.me/GenPr

0
0
547