Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Алматыда лаңкестікті насихаттады деген күдікпен шетелдіктер ұсталды

2024 жылғы 28 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады.

undefined

ҰҚК баспасөз қызметінің тергеу мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, олар бұрын ұзақ уақыт шет елде тұрып, радикалды діни идеологияға тартылған.

Қазақстанға ағымдағы жылы келген, тұрақты жұмыстары болмаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

0
0
320

Осы тақырып бойынша