Мазмұнға өту
Солтүстік Қазақстан облысы
7 жазбалар3 тіркелуші

Солтүстік Қазақстан облысы – Қазақстанның солтүстігінде орналасқан аймақ. 1936 жылы құрылған.

БАҚ өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік материалдары үшін марапатталды

26 желтоқсан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жарияланымдар конкурсына қатысқан журналистерді марапаттау рәсімі өтті. Байқауға ұсынылған жұмыстар арасынан ең мазмұнды және кәсіби материалдар іріктеліп, үздіктер анықталды.

0
0
159

Тайынша ауданында күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру бекеті ашылды

Тайынша ауданының Летовочное ауылында күрделі жөндеуден кейін өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуы өтті. Ауылдық жер үшін бұл - жай ғана ғимаратты жаңарту емес, тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтетін нақты қадам. Мұндай жерде көмекке жететін әр минуттың бағасы ерекше.

0
0
118

Есіл ауданында «Nomads-AI» креативті орталығы ашылды

Есіл ауданында заманауи технологияларды, білім беруді және креативті индустрияларды біріктіретін «Nomads-AI» креативті орталығы өз жұмысын бастады. Жаңа орталық жастарға, IT-мамандарға және стартап-командаларға бағытталған.

0
0
103

Солтүстік Қазақстан облысының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы дамуы: инвестициялар, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік жобалар

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді. Ауыл шаруашылығы: Майлы және жем-шөп дақылдарының егістік көлемі ұлғайған; Тұқым жаңарту деңгейі 11,2 пайызға жеткен, су үнемдеу технологиялары белсендіенгізіліп жатыр; «Кең Дала 2» бағдарламасы аясында шаруаларға 97 миллиард теңге бөлінген. Биыл мемлекеттік қолдау ауқымы былтырғымен салыстырғанда 24 пайызға артқан; Солтүстік Қазақстан облысы елімізде сүт өндірісі бойынша алғашқы үштікке кіреді, соның ішінде сүт өндіру кешендерінің саны жағынан көш бастап тұр. Инвестиция: Облыста жалпы сомасы 893 миллиард теңгені құрайтын 52 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 7,5 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Тұрғын үй құрылысы: Биыл 332 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға…

0
0
111

СҚО балабақшаларында былықтар әшкере болды

Солтүстік Қазақстан облысында мектепке дейінгі ұйымдардағы тексерулер арқылы бюджет қаражатын жымқыру, санитарлық және өртке қарсы ережелерді сақтамау салдарынан балалардың құқықтары өрескел бұзылғаны анықталды.Айыртау ауданында мектепке дейінгі мекемеде 11,2 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталып, оған қатысты аудандық қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, тергеу амалдары жүргізілуде.Аққайың, Тайынша аудандарының бала-бақшаларында мемлекеттік тапсырыс туралы заң талаптарына қайшы, дәлелді себепсіз іс жүзінде бақшада болмаған балаларға қызмет көрсету үшін ақы төленген (ауруы туралы медициналық анықтама немесе ата-анасынан арыз болмаған), соның салдарынан бюджеттен 17 миллион теңге көлемінде қаражат негізсіз төлен…

0
0
305

СҚО-да бір отбасы тамақтан уланып, екі баласы қайтыс болды

Олар пицца, шұжық, тұшпара жеп, кола ішкен.

undefined

Фото: stan.kz

Сұмдық оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында болған. Бір үйдің 3 жасар ұлы мен 7 жасар қызы астан уланып көз жұмды. Отбасындағы тағы үш адам ауруханаға жеткізілген.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шегушілер тұтынған ас-судың сынамасы алынып, зерттеуге жіберілген.

СҚО денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәліметі бойынша, зардап шеккендердің жағдайы ауыр.

«1996 жылғы анасы мен 2014 жылғы баласы қазір облыстық көпсалалы ауруханада жатыр. Отағасының айтуынша, олар тұшпара мен кока-коланы жергілікті дүкеннен алыпты», – дейді дәрігерлер.

Сондай-ақ олар пицца мен шұжық жеген.

0
0
437

СҚО-да​ 240-тан аса заңсыз ветеринарлық анықтама берілген

Солтүстік Қазақстан​ облысының прокурорлары ветеринария​​ қызметін тексеріп, көптеген заңбұзушылықтарды анықтады.СҚО прокуратурасының мәліметінше, облыстың ветеринарлық қызметтері «Ветеринария туралы» Заңның талаптарына қайшы, ветеринариялық құжаттарды беру және жануарларды вакцинациялау тәртібін бұзып, ірі қара малға диагностикалық зерттеулерді толық жүргізбеген. Тексеру барысында ветеринарлардың 15 мың жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларына қағаз жүзінде вакцина салғандығы анықталды.242 жағдайда белгіленген тәртіпті бұза отырып, жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық анықтамалар берілген.Ал жергілікті атқарушы органдар ветеринариялық ережелердің талаптарына қайшы сібір жарасы қорымдары мен мал қорымдарын тиісті деңгейде ұстауды қамтамасыз етпеген.Сою пункттері мен алаңдардың жет…

0
0
366
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз