Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

undefined

Жиын барысында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар салалық мемлекеттік органдардың басшылары мәлімет берді.

Мемлекет басшысы экстремистік әрекеттердің алғышарттарын анықтап, олардың алдын алу, халықаралық терроризмнің таралуына жол бермеу, соның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны жетілдіру, дұрыс ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі кешенді тәсілдердің маңызды екенін атап өтті.

Отырыс соңында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
266

Осы тақырып бойынша