Мазмұнға өту

Жаңа

Кандидат тікелей эфирге шықты

Кандидат тікелей эфирге шықты 22.12.2020ж Қазір Интернет, әлеуметтік желі дамыған заман, адамдар тек ұялы байланыс қана емес тікелей көзбе-көз тілдесудің мүмкіндігі жоғары болуы кім-кімге де мейлінше ыңғайлы. Сол себепті «Nur Otan» партиясының мәслихаттарға депутат сайлау науқаны алдында сенитарлық қауіпсіздік талаптарын орындауға жол ашатын тікелей эфирдегі тілдесу жиі көрініс алуда. Бүгін, 22 желтоқсан күні аудандық мәслихатқа үміткер Қ. Жазықбаев әлеуметтік желі қолданушылармен тікелей байланыс орнатты. Қ. Жазықбаев партияның сайлауалды бағдарламасындағы өзекті мәселелерге тоқтала отырып, алдағы жасалатын шаралардың барлығы да қоғамның тұрақтылығы, елдің бірлігі, татулығына негізделетінін әңгіме өзегіне айналдырды. Сонымен қатар жолданған сауалдарға жауап беруге әзір екендігін айттып,…

0
0
143

Қараөзен ауылдық округінде ауылдың белсенділерімен бірге жиын өтті.

Жиында 10 қаңтар ҚР Парламенті мәжілісінің және барлық деңдейдегі мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындысы сөз болып, аталған округте және ауданымызда сайлаудың қандай деңгейде өткендігі талқыланды. Сонымен қатар мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына өткен партияластарға деген халықтың сенімінің мол екендігі, қолдаушылардың да саны артып отырғандығы айтылды. Белсенді азаматтар партияның жұмысының жандануы мен аталған ауылдық округке қатысты жұмыстарға белсене араласып, партияның алдағы бес жылға арналған бағдарламасын қолдайтындықтарын жеткізді.

0
0
176

Фракцияның бірінші отырысы өткізілді.

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы фракциясының бірінші отырысы өткізілді.Аудандық партия филиалы фракциясының құрамындағы 8 мүшесі отырысқа қатысты.

​Партия Жарғысына сәйкес фракция өз жұмысын бастап, күн тәртібіндегі бес мәселені қарады. «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Сафималиев Азамат Сафималиұлы фракция отырысын жүргізді.

⠀”Біз жұртшылықтың сенімін ақтауымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан біздің партиямыздың сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттерге қол жеткізу үшін фракция депутаттары барын салуға тиіс”, – деп атап өтті Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

0
0
131

Аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы

Бүгін аудан әкімдігінде жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы болып өтті. Оған аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, мекеме, кәсіпорындардың басшылары қатысты.Сессияны аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының төрағасы Жақсылық Абдолов ашып, ағымдағы жылдың 10 қаңтарында өткен сайлау күні аудандық мәслихатқа 11 депутат сайланғанын, бүгінгі ұйымдастыру сессиясына олардың барлығы қатысып отырғанын, сессияның жұмысын бастауға кворум жеткілікті екенін айтып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың бірінші сессиясын ашық деп жариялады.Депутат Мирас Иманғалиевтың ұсынысымен сессия тө…

0
0
239

Отандық өнімдер

Қазіргі таңда елімізде отандық өнімдердің сапасы артып келеді. Ауданымыздағы құрылыс жұмыстарында да отандық өнімдердің қолданылуы жиіледі. Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерде де «Made in KZ» және «Қазақстанда жасалған» секілді ұлттық брендті өнімдер санының да, сапасының да артқандығы көңіл көншітеді. Осы орайда ұлттық өнімдерді тұтынып, өз экономикамыздың және ішкі нарықтың артуына септігімізді тигізейік дегіміз келеді. Себебі егер өнімдеріміз экспортқа шыққан жағдайда еліміз де әлемдегі экономикасы дамыған мемлекеттердің қатарында болары анық.

0
0
228

Көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді

«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалымен ұйымдастырылған көшпелі қоғамдық қабылдауға Жәнібек ауданының мәслихат депутататы Қуанәлиев Біржан Қайырғалиұлы «Казтрансгазаймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының Жәнібек газ шаруашылығы ғимаратында жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

0
0
133

Алқалы жиын өтті

18 қаңтар күні Жалпақтал ауылдық округінде Жалпақтар бастауыш партия ұйымының төрайымы Әлия Жақсыбаеваның төрағалығымен алқалы жиын өтті. Ауылдың белсенді азаматтары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында 10 қаңтар ҚР Парламенті мәжілісінің және барлық деңдейдегі мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындысы талқыланды. Жиынға қатысушылар сайлаудың әділ өткендігін тілге тиек ете отырып, мәжіліске өткен партия өкілдері мен облыстық, аудандық мәслихаттарға депутат ретінде тағайындалған азаматтар мен азаматшаларды қолдайтындықтарын жеткізді. Талқылау жиынында партияның болашаққа жоспарлары да назарға алынып, пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

0
0
193

«Казтрансгазаймақ» АҚ мәслихаттар депутаттарының сайлауын қолдау бойынша шара өткізілді

«Казтрансгазаймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының Жәнібек газ шаруашылығы ғимаратында 2021 жылғы 10 қаңтарда өткізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауын қолдау бойынша шара өткізілді. Шарада сөз сөйлегендер сайлаудың тиісті деңгейде ұйымдастырылғандығын, сайлау қолданыстағы заңнама талаптарына сай өткізілгендігін атап өтіп, бұл сайлауда жергілікті тұрғындардың жоғары белсенділіп танытып, тұрғындардың басым бөлігі өз дауыстарын «Nur Otan» партиясына бергендігін айрықша көрсетті.Өз сөзінде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев партияластарын сайлаудағы жеңіспен құттықтап, тұрғындардың «Nur Otan» партиясы деген мұндай қолдауы мен сенімі партияға зор жауапкершілік жүктейтіндігін…

0
0
159

«Nur Otan» партиясындағы жаңа тағайындаулар

«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында бірқатар кадрлық жаңартулар жүргізілді. Орталық аппараттың баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа тағайындаулар «Nur Otan»-ның сайлауалды уәделерін тиімді жүзеге асыруға қатысты партия Лидері қойған міндеттерді ескере отырып жүргізілді.Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктің атқарушы және өкілді органдарында басшылықтағы әйелдердің үлесін 30%-ке дейін ұлғайту туралы тапсырмасын орындау аясында, «Nur Otan»-ның Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева болды. Ол партияда 2007 жылдан бастап бөлім меңгерушісінен облыстық филиал төрағасының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өткен.Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Жанар Бектаева тағайындалды. О…

0
0
257

Онлайн брифинг өтті

" Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Біржан Қуанәлиев сайлау қорытындысы бойынша онлайн брифинг өткізді.- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауға аудан бойынша 9212 сайлаушы қатысқан. Оның 7399-ы "Nur Otan" партиясына дауыс берген. Пайызға шағын айтсақ, 81,7%-ға ие болды. Сайлау нәтижесі партиямыздың жасампаздығын көрсетеді, басым дауысқа ие болуымыз партияның ел алдындағы жауапкершілігін еселейді. Осы сәтті пайдалана отырып, партиямызға дауыс берген барша жерлестерімізге білдірген сенімді үшін филиал атынан, штаб атынан алғысымды айтамын, - деді филиал төрағасының орынбасары Біржан Қуанәлиев.- "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыратын болады. Осы мақсатта бесжылдық жоспар бекітіліп, аум…

0
0
145