Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Онлайн брифинг өтті

" Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Біржан Қуанәлиев сайлау қорытындысы бойынша онлайн брифинг өткізді.

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауға аудан бойынша 9212 сайлаушы қатысқан. Оның 7399-ы "Nur Otan" партиясына дауыс берген. Пайызға шағын айтсақ, 81,7%-ға ие болды. Сайлау нәтижесі партиямыздың жасампаздығын көрсетеді, басым дауысқа ие болуымыз партияның ел алдындағы жауапкершілігін еселейді. Осы сәтті пайдалана отырып, партиямызға дауыс берген барша жерлестерімізге білдірген сенімді үшін филиал атынан, штаб атынан алғысымды айтамын, - деді филиал төрағасының орынбасары Біржан Қуанәлиев.

- "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыратын болады. Осы мақсатта бесжылдық жоспар бекітіліп, аумақтың даму бағдарламасы жасақталмақшы. Осы бағдарлама негізінде аудандағы жұмыссыздықты азайту, жайылымдық жерлерді кеңейту, шағын кәсіпкерлікті дамытуда қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие мөлшерін еселеу, жол құрылысын сапалы жүзеге асыру және тағы басқа да өңір мәселелерін нәтижелі шешу көзделіп отыр, - деді Біржан Қуанәлиев партияның алдағы жұмыс жоспары турасында.

Сонымен қатар 9 кандидаттан тұратын партиялық тізім бекітіліп, Жәнібек аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.

Жалпы, Жәнібек аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 55,5%-ке жаңарды. Орташа жасы – 43, яғни 7 жылға жасарды.

Қорытынды партиялық тізім теңдестірілген. Яғни тізімдегі 6 кандидат – праймериз жеңімпазы, 3 кандидат Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген. Бұл аймақтық өкілдікті сайлаушылар санына сәйкес пропорционалды түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Партия Төрағасының мәслихаттардағы жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, «Nur Otan» Фракциясының жаңа құрамының 33,3%-ы әйелдер мен 22,2%-ы 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.Негізінен аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық корпусына білім, мәдениет саласы және үкіметтік емес ұйым саласының өкілдері енді. Сонымен бірге 1 көпбалалы ана да ұсынылды.

#nur_otan_алғысы

#брифинг

0
0
105

Осы тақырып бойынша