Кандидат тікелей эфирге шықты
Кандидат тікелей эфирге шықты
22.12.2020ж Қазір Интернет, әлеуметтік желі дамыған заман, адамдар тек ұялы байланыс қана емес тікелей көзбе-көз тілдесудің мүмкіндігі жоғары болуы кім-кімге де мейлінше ыңғайлы. Сол себепті «Nur Otan» партиясының мәслихаттарға депутат сайлау науқаны алдында сенитарлық қауіпсіздік талаптарын орындауға жол ашатын тікелей эфирдегі тілдесу жиі көрініс алуда. Бүгін, 22 желтоқсан күні аудандық мәслихатқа үміткер Қ. Жазықбаев әлеуметтік желі қолданушылармен тікелей байланыс орнатты. Қ. Жазықбаев партияның сайлауалды бағдарламасындағы өзекті мәселелерге тоқтала отырып, алдағы жасалатын шаралардың барлығы да қоғамның тұрақтылығы, елдің бірлігі, татулығына негізделетінін әңгіме өзегіне айналдырды. Сонымен қатар жолданған сауалдарға жауап беруге әзір екендігін айттып, байланысқа шыққан тұрғындарға «Nur Otan» партиясының Шыңғырлау ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының бес жылдыққа жоспарланған іс шараларымен таныстырды. Сонымен қатар 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін саяси науқанға қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
#NUROTAN
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021
