Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Казтрансгазаймақ» АҚ мәслихаттар депутаттарының сайлауын қолдау бойынша шара өткізілді

«Казтрансгазаймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының Жәнібек газ шаруашылығы ғимаратында 2021 жылғы 10 қаңтарда өткізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауын қолдау бойынша шара өткізілді. Шарада сөз сөйлегендер сайлаудың тиісті деңгейде ұйымдастырылғандығын, сайлау қолданыстағы заңнама талаптарына сай өткізілгендігін атап өтіп, бұл сайлауда жергілікті тұрғындардың жоғары белсенділіп танытып, тұрғындардың басым бөлігі өз дауыстарын «Nur Otan» партиясына бергендігін айрықша көрсетті.

Өз сөзінде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев партияластарын сайлаудағы жеңіспен құттықтап, тұрғындардың «Nur Otan» партиясы деген мұндай қолдауы мен сенімі партияға зор жауапкершілік жүктейтіндігін алға тартты.

0
0
115

Осы тақырып бойынша

«Казтрансгазаймақ» АҚ мәслихаттар депутаттарының сайлауын қолдау бойынша шара өткізілді - Yvision.kz