Отандық өнімдер
Қазіргі таңда елімізде отандық өнімдердің сапасы артып келеді. Ауданымыздағы құрылыс жұмыстарында да отандық өнімдердің қолданылуы жиіледі. Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерде де «Made in KZ» және «Қазақстанда жасалған» секілді ұлттық брендті өнімдер санының да, сапасының да артқандығы көңіл көншітеді. Осы орайда ұлттық өнімдерді тұтынып, өз экономикамыздың және ішкі нарықтың артуына септігімізді тигізейік дегіміз келеді. Себебі егер өнімдеріміз экспортқа шыққан жағдайда еліміз де әлемдегі экономикасы дамыған мемлекеттердің қатарында болары анық.
