Қараөзен ауылдық округінде ауылдың белсенділерімен бірге жиын өтті.
Жиында 10 қаңтар ҚР Парламенті мәжілісінің және барлық деңдейдегі мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындысы сөз болып, аталған округте және ауданымызда сайлаудың қандай деңгейде өткендігі талқыланды. Сонымен қатар мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына өткен партияластарға деген халықтың сенімінің мол екендігі, қолдаушылардың да саны артып отырғандығы айтылды. Белсенді азаматтар партияның жұмысының жандануы мен аталған ауылдық округке қатысты жұмыстарға белсене араласып, партияның алдағы бес жылға арналған бағдарламасын қолдайтындықтарын жеткізді.
