Алқалы жиын өтті
18 қаңтар күні Жалпақтал ауылдық округінде Жалпақтар бастауыш партия ұйымының төрайымы Әлия Жақсыбаеваның төрағалығымен алқалы жиын өтті. Ауылдың белсенді азаматтары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында 10 қаңтар ҚР Парламенті мәжілісінің және барлық деңдейдегі мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындысы талқыланды. Жиынға қатысушылар сайлаудың әділ өткендігін тілге тиек ете отырып, мәжіліске өткен партия өкілдері мен облыстық, аудандық мәслихаттарға депутат ретінде тағайындалған азаматтар мен азаматшаларды қолдайтындықтарын жеткізді. Талқылау жиынында партияның болашаққа жоспарлары да назарға алынып, пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
