Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Астанада Құрбан айт күні қоғамдық көліктер тегін болады

16 маусым – Құрбан айт мерекесі күні елордадағы қоғамдық көліктермен жолаушылар ақы төлемей-ақ жүре алады.

undefined

Астана әкімдігінің шешімімен алдағы Құрбан айт мерекесінде қаланың қоғамдық көлігінде (қалалық және қала маңы бағыттары) жол жүру тегін болмақ. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Қоғамдық көліктердің жұмысы сағат 06:00 басталады.
Түнгі № 201, 202, 203 тағыттарында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін болады. Жолаушылар олардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады.

0
0
400

Осы тақырып бойынша