Мазмұнға өту

Жаңа

Бишімбаевқа қатысты істі апелляциялық сот қарайтын болды

Әйелін өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді.
undefined
Енді экс-шенеунікке кесілген сот үкімі қайта қаралады. Бұл ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен онымен бірге істі болған Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі биыл 13 мамырда шыққан болатын.

0
0
375

Құмар ойынға миллиондап ақша шашып, алиментке бір тиын да төлемеген

Жетісу облысының прокурорлары алиментін қасақана төлемей жүрген ойынқұмарларды анықтады.Коллаж: Azattyq RuhyАталған өңірде 50 азамат үнемі құмар ойын (интернет-казинолар, букмекерлік кеңселер) ойнап, оған  150 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған. Ал олардың балаларына 60 миллион теңге алимент түріндегі қарызы болыпты.Мәселен, Талдықорғанда жарты миллион теңге алимент бойынша берешегі бар борышкер Д. онлайн букмекерлік кеңседегі есепшотын 52 миллион теңгеге толтырған.Прокурорлардың жүргізген талдауы бойынша Әділет департаментіне борышкерлерге қатысты шара қолдану туралы ұсыныс енгізілді.Жалпы, жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары 87 баланың берешек алименті бойынша 63 миллион теңге қарыздың орнын толтыруға қол жет…

0
0
297

Қарағанды облысында екі жасқа толмаған бала көкжөтелден шетінеп кетті

Оған екпе салынбаған екен.

undefined

Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, еліміздегі халықтың популяциялық денсаулығы өте әлсіз.

«Соңғы бірнеше жылда жинақталып қалған екпесіз балалардың аз ғана тобының өзі аурудың осылай өршуіне себеп болады. Өкінішке қарай, Қарағанды облысында көжөтелден бір өлім тіркелді. Бұл жерде баласына екпе салдыратын немесе салдырмайтын ата-аналардың ортақ жауапкершілігі болуы керек деп санаймын», – дейді Ақмарал Әлназарова.

Шетінеген сәби бір жас 11 айлық болған.  

0
0
255

ЖОҢҒАР АЛАТАУЫ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетісу облысы Сарқан ауданында орналасқан, ел табиғаты үшін асыл қазына болып табылатын – «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды.Ұлттық парк аумағына санитарлық тазалық жұмыстарын жасап, шөп шауып, ағаш түптерін әктеп, қоқыстан тазартумен қатар, орман шаруашылығы питомнигінде күзгі ағаш егу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ағаш егетін орындарды даярлауға басым бағыт берілді. Шараға 100 жуық табиғат сақшылары және парк қызметкерлері қатысты. Айта кету керек, ұлттық парк аумағындағы питомникке келер жылы 80 мың ағаш отырғызылмақ. Алдағы уақытта олар тек облыс аумағы емес, республиканың түкпір-түкпіріне жөнелтілетін болады. Аталмыш питомниктің елімізд…

0
0
428

ШҚО тұрғындары билікті басып алу мен сепаратистік әрекетті насихаттағаны үшін сотталды

Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар мен үгіт-насихаттары үшін сотталды.Тергеу барысында аталмыш тұлғалар 2024 жылдың ақпан айында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды.Референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттады.Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді.Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.Заңды күшіне енген сот үкімімен жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығы…

0
0
293

Бектенов халық бір жарым жылда 100% ауыз сумен қамтылуға тиіс екенін мәлімдеді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов сапалы ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі екенін айтты. Ал оны орындау үшін небәрі 1,5 жыл қалды.
undefined

Фото: gov.kz

«2025 жылдың соңына қарай біз халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл – аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Уақыт тығыз, небәрі 1,5 жыл қалды. Әкімдіктер сумен жабдықтау көрсеткіштерінің жоғары деңгейіне қарамастан, ауылдар мен қалаларда тиісті инфрақұрылымды тарту жұмыстарын күшейтуге тиіс. Сумен қамтамасыз ету жұмыстары басым тәртіппен қаржыландырылуы тиіс. Елді мекендердің ішінде су желілерін жүргізу жұмыстарын топтық су құбырларының инфрақұрылымын ауылдардың шекараларына дейін тарту жоспарларымен үйлестіру керек», — деді Премьер-министр.

https://t.me/KZgovernment

0
0
315

Алматыда 26 қайырымдылық мекемесінің заңсыз әрекеттері тоқтатылды

Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға ерекше көңіл бөледі.2024 жылдың мамырында прокуратураның «Жібек Жолы» Қайырымдылық мекемелерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне 26 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күшін жою және тарату туралы талап-арызын қанағаттандыру жөніндегі шешімі заңды күшіне енді.Бұрын жүргiзiлген тексерулер, мекемелердiң жұмысы iс жүзiнде олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келетінін және олардың кейбiреулерi бiлiм беру қызметiн лицензиясыз жүзеге асырғанын анықтаған.Балалардың білім, тәрбие және уақтылы медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары, айтарлықтай бұзылған.Тексеру барысында мекемелердің діни бағыты расталған және Қазақстан Республикасының Мұсылмандар діни басқармасы «Жібек жолымен» жасалғ…

0
0
399

Үкімет басшысы солтүстікті батысқа үлгі етті

Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан кейін атқарылып жатқан жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысын жақсы деп бағалады. Бұл ретте Үкімет басшысы басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды ала-алмай отырғанын атап өтті. «Мен өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысына бардым. Жөндеу және құрылыс жұмыстарының қарқыны жақсы. Басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды ала-алмай отыр. Тағы да еске саламын – жаз мезгілі қысқа, бәрін белгіленген мерзімде, әрі сапалы етіп жасауға біраз уақыт талап етіледі. Өкінішке қарай, жергілікті билік органдарының жұмысында салғырттық, шешім қабылдауда баяулық, ұйымдастыру ісінде әлсіздік байқалады. Әсіресе Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының белсенділігін арттыру қажет. Мерзімдерді мүлдем бұзуға болмайды»,…

1
0
408

ТЖМ басшысы Есілдің жағалауын тексерді

undefined

Шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 13 адамды құтқарды. Алайда, жазғы кезеңнің бірінші онкүндігінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 8 азаматтың қаза болу фактілері тіркелді, оның 4-і кәмелетке толмаған балалар. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов бақылау шараларын күшейтуді және су айдындарында сағат сайын рейд жүргізуді тапсырды.

Бүгін Астанада ведомство басшысы Есіл өзенінің жағалау бойын тексеріп, елордалық жедел құтқару жасағына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

ҚР ТЖМ

0
0
274

Астанада қазақша қақпайтын балалар өсіп келеді

Жеделсатыда болған жағдайдан кейінгі жедел ойӨте бір жайсыз, тіпті, қорқынышты көрініске куә болдым. Жағдай мұндай мүшкіл деп ойламағанмын. Өзім тұратын үйдің лифтіне менімен жарыса екі бала мінді. Түрлері қазақ болғанда да, қап-қазақ енді. 7-8 оқитын балалар-ау. Кіре, төртінші қабатты басты.- Сегізді баса қойшы, - дедім. Қолым бос емес еді. Екеуі алақ-жұлақ етіп бір-біріне қарады. - Се-гіз, - деп нақтылап қайталадым. Біреуі жетіні басты. Түсінбей тұрғанын енді ұқтым.- Ол жеті, маған сегіз керек. Саусағымен сандардың үстін тағы бір айналып шықты. - Сен орыссың ба? - дедім орысшалап. Шын сұрадым. Кәріс болуы да мүмкін ғой.- Нет. - Атың кім?- Мирас.- Мен Сережа әлде Саша деп ойладым, - дедім. Жас бала ғой, неге айтып тұрғанымды ұқпады, білемін. Лифт олардың қабатына жетті де, екеуі құтылған…

0
0
502