Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматыда оқу жылының қорытындысы бойынша негізгі мектепті (9-сыныпты) 30 380 оқушы сәтті аяқтады. Олар үшін бұл белес алғашқы күрделі жеңіс болды. Жылдар бойы ерекше ынта-жігер танытқан түлектер бөлек құрметке лайық: Алматының 2 168 мектеп оқушысы 9-сыныпты үздік бітіргені туралы аттестат алды.11-сынып түлектері үшін мектеп өмірінің соңғы аккорды соғылды. Биыл Алматыда орта мектепті 20 803 түлек бітірді. Қаланың білім беру жүйесінің мақтанышына айналған «Алтын белгі» иегерлерінің саны да көңіл қуантады - биыл барлық пәндер бойынша үздік білімдерін дәлелдеген 790 түлек мектептің ең жоғары марапатына ие болды.